Нұр-Султан қаласының оқушылары «SportFEST Kazakhstan» республикалық жобасының іріктеу ойындарына қатысты

11/05/2019

Нұр-Султан қаласында SportFEST Kazakhstan республикалық жобасының іріктеу кезеңдері өтті. Қаланың 4 ауданынан келген 132 оқушы бозбалалар арасындағы футзал, қыздар арасындағы баскетбол, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі мен ұлттық ойын тоғызқұмалақ бойынша бақ сынасты. Спартакиаданың іріктеу кезеңіне астаналық 24 команда қатысты.      

Қатысушыларды құттықтауға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілдері, облыстың спорт элитасының өкілдері, жергілікті білім беру бөлімінің басшылары келді.  

 -«SportFEST» - біз үшін маңызды жобалардың бірі. Осы залда елорданың үздік спортшылары жиналды деп сенемін.  Бүгін сіздер маусым айының басында «Балдәурен» республикалық оқу – сауықтыру орталығында финал ойындарында қатысу үшін күресезеіздер. Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) мектептерге сыйға беріледі. Мен барлық қатысушыларға сәттілік, қажымас қуат пен жеңіске деген жігерімді тілеймін! Есіңізде болсын: сіздердің әрқайсыңыз финалға шығуға лайықтысыздар, деп өзінің құттықтау сөзінде Мирас Іргебаев «Samruk-kazyna trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры атап өтті.

Нұр-сұлтан қаласында барлық спорттық құралдар №32 мектеп-гимназия болды. Спорттық мүкәммалды беру спортты балалар мен жастар үшін қолжетімді етуге жас ұрпақтың өкілдерін салауатты өмір салтына тартуға мүмкіндік береді. 

 «SportFEST Kazakhstan» жобасының басынан бері өңірлерде алты мыңнан астам оқушы қатысты. Еліміздің бірнеше облысында өткен шара аясында оқушылар бір-бірімен танысып, достасып жатыр. «SportFEST Kazakhstan» Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Павлодар, Петропавл, Алматы, Талдықорған, Орал, Қарағанды, Өскемен, Тараз, Түркістан, Қостанай және Ақтау қалаларында өтті. Бұл өңірлерде үздіктер анықталды.

Жеңімпаздар және жүлделі орын иегерлері роликті конькилермен, брендтелген рюкзактармен және Power bank (мобильді аккумулятор), скейтбордтармен марапатталды. Бірінші орын иегерлері 2019 жылы Щучинск қаласында өтетін финалға жолдама алды. Аймақтық чемпиондардың тізімімен жобаның ресми сайтынан танысуға болады – www.sportfest.kz.

 «SportFEST Kazakhstan» - бұқаралық спорт түрін насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына шақыру мен патриоттық тәрбие беруге бағытталған біріңғай жоба.

Жастар жобасының ұйымдастырушылары – «Самрұк-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, сондай-ақ «Менің елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасымен бірлескен «Коммуникациялық бастама және стратегия қоры».

Біздің соңғы жаңалықтарымызды ресми сайтымыздан біле аласыздар:  www.sportfest.kz. Сұрақтар туындаған жағдайда жедел желі нөмірене хабарласуға болады: +7 701 506 62 02.

Comments are closed.