Елордамызда аз қамтылған отбасылардан шыққан 1500-ден астам бала тегін қосымша білім алып жатыр

24/04/2019

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Замандас» отбасылық аула клубында болды. Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасылардан шыққан 1500-ден астам бала аула клубтарына қатысып, қосымша білім алып жатыр.

Іс-сапар барысында Ахметжан Есімов үш аула клубтарының бірінде болып, жоба қатысушыларымен кездесті. Қордың басшысы жасөспірімдердің мектептен тыс сапалы дамуы мен тәрбие алуына жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Отбасылық аула клубтары балалар мен ересектерге арналған білім беру, психологиялық, бос уақыт кезінде өткізілетін қызметтерін ұсынады. Балалар мен жасөспірімдер үшін клубта шахмат, сөйлеу тілін дамыту, театр өнері, арт-терапия, хореография, авиамодельдеу, каратэ, домбыра, би, вокал, тоғызқұмалақ, робототехника, гитара, гимнастика секілді үйірмелер мен спорт секциялары тегін жұмыс істейді. Ересектерге арналған «Бақытты отбасы» ата-аналық клубында психологиялық консультациялар, сондай-ақ ата-аналар үшін балалармен қарым-қатынас орнату бойынша семинарлар өткізіледі.

  Елордада барлығы 3 аула клубы жұмыс істейді. «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан бес жыл бойы аула клубтары бойынша жобаны жүзеге асырып келеді. Аула клубтарының жұмыс істеп келе жатқанынан бері барлығы шамамен 5000 бала қатысқан. Мұндай аула клубтарының желісін тек астанада ғана емес, еліміздің аймақтарында да дамыту жоспарланып отыр.

Айта кеткен жөн, 2019 жылдың басынан бастап «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры «Жас Самұрық» жобасын жүзеге асырып келеді, оған Жастар жылы аясында қазақстандық жас ұрпаққа қолдау көрсету бойынша бірқатар шаралар кіреді. Жобаның миссиясы - жастарды біріктіру, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қатыстыру, шығармашылық әлеуетті дамыту, еңбек және жұмысқа орналасу саласындағы жастар ұйымдарының әлеуметтенуі мен жұмыс істеуі үшін жағдай жасау, сондай-ақ қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарын қалыптастыру мен жан-жақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту.

Comments are closed.