Қазақстанда «SportFEST Kazakhstan» Республикалық спартакиадасы басталды

27/03/2019

2019 жылы 26 наурызда Қазақстанда «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасы басталды. Жоба аясында 2003-2005 жылы туған оқушыларды қамту жоспарлануда, бұл 7000-нан астам қатысушы. Атырау облысы ауқымды жобаның бірінші кезеңінің іріктеу турлары басталған алғашқы өңір болды.

Жеңімпаз атағы үшін 14 облыстан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан жалпы саны 215 ауданның оқушылары сайысқа түседі. Мектеп оқушыларын шахмат, үстел теннисі, баскетбол, футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, сондай-ақ тоғызқұмалақтан жарыстар күтіп тұр.

"SportFEST Kazakhstan" спартакиадасы екі кезеңде өтеді. Алдымен барлық облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумағында, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар арасында өңірлік жарыстар өтеді. Ең үздіктерді бағалы сыйлықтармен марапаттайды,сондай-ақ олар финалға жолдама алады. II кезеңге облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың атынан әрбір спорт түрі бойынша жеңімпаздар қатысады.

Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) әр өңірдегі мектептерге сыйға беріледі.

"SportFEST Kazakhstan" - бұл жастар арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және патриоттық тәрбиені насихаттауға бағытталған бірегей жоба.

"Бұл еліміздің аумағында екінші рет өткізіліп отырған ең ауқымды сайыстардың бірі. Жоба балалардың, жасөспірімдердің өзін-өзі жүзеге дамытуына, физикалық дамуына мүмкіндік береді, оқушыларды спорт сабақтарына және салауатты өмір салтын жүргізуге ынталандырады. Сонымен қатар, "SportFEST Kazakhstan" - елімізде бұқаралық спортты дамытудың жарқын мысалы", - дейді "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілі Мирас Іргебаев.

Жастар жобасының ұйымдастырушылары - "Менің елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының атынан "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен "Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар Қоры" ЖҚ.

 

Comments are closed.