Қазақстанның өңірлерінде әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша мәселелер талқыланды

05/03/2019

2019 жылдың 22 ақпаны мен 2 наурызы аралығында Қазақстанның сегіз өңірінде әлеуметтік кәсіпкерлер – «ӘREKET» бағдарламасына қатысушылар үшін іс-шаралар топтамасы өтті.

Павлодар, Көкшетау, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақтау мен Шымкентте коммерциялық емес ұйымдардың, бизнес саланың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Іс-шара барысында әлеуметтік кәсіпкерлер өз жобаларын іске қосу және дамыту бойынша бизнес-жаттықтырушылардан проблемалық мәселелер бойынша тәжірибелік ұсыныстар мен кеңестер алды.

Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі ақылы қызмет көрсетуге болатын пайдаланушыларды тарту болды. Әдетте, КЕҰ халыққа тегін қызмет көрсетуге үйренген. Алайда, қоғамшылдардың айтуынша, уақыт өзгереді, бүгінгі күннің талаптарының бірі - ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы.

Сонымен қатар, іс-шара аясында 2019 жылдың шілде айында «ӘREKET» грант алушылар арасында өтетін финалдық гранттық конкурстың тұсаукесері өтті. Бұл конкурс әлеуметтік жобаны одан әрі дамытуға 1 000 000 теңге көлемінде қосымша грант алуға мүмкіндік береді.

Іс-шараға жетекші бизнес-кеңесшілер, ҮЕҰ және «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілдері қатысты.

 «Әрекет» жобасына өңірлерде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселесін көтергені үшін алғысымды білдіргім келеді. Қоғамның әлеуметтік мәселелерін шеше отырып, біз табыс табамыз, ол бізге дәстүрлі бизнес бермейтіндей артықшылық береді. Бірақ оны дамыту, енгізу және пайдалануды үйрену керек», - деді нетворкинг-сессиялардың бірінде жобаға қатысушы, «Нұр» ҚБ төрағасы Геннадий Франк.

 «Бүгін біз коммерциялық емес ұйымдарға әлеуметтік кәсіпкерлікке көшудің уақыты келгендігі туралы айтамыз. Және де «ӘREKET» бағдарламасы осыған бағытталған. Бірте-бірте біз КЕҰ-ға табыс табуға, қаржылық тұрақты болуға, өзін-өзін қамтамасыз етуге үйретеміз. Қазірдің өзінде жүргізілген жұмыс нәтижесінде КЕҰ-ның белгілі бір жетістіктері көрініп тұр: олар өз ойларын өзгертіп, өздерінің қоғамдық ұйымдарын қолдау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қоры корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев.

"ӘREKET" бағдарламасын «Samruk-Kazyna Trust» Қоры жүзеге асырады және өңірлерде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. 2018 жылы ол Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында сынамалы режимде іске қосылды. Бағдарлама қорытындысы бойынша 96 ең жарқын және қызықты бизнес-идея 500 000 теңге көлемінде қаржыландырылды.

Comments are closed.