ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Астанада қазақ тілін оқытатын жаңа жобалар таныстырылды

25/02/2019

Астанада қазақ тілін үйренуді жеңілдететін жаңа онлайн-жобалар таныстырылды.

Бұл қазақ тілін үйрену бойынша «Soyle.kz» онлайн-курсының ағылшын-латын нұсқасы, мектеп және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған Android және iOs платформаларындағы «Balasoyle» мобильдік қосымшасы, «Ұлы дала аңыздары» веб-графикалық романдарының сериясы, Soyletube.kz — қазақ тілін үйрену бойынша бейнепроект.

Ұсынылған жобаларды Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Samruk-KazynaTrust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп әзірледі.

Ерекше назар қазақ тілін үйрену бойынша танымал «Soyle.kz» жобасының ағылшын-латын нұсқасына аударылады. Егер бұрын қазақ тілін тек орыс тілін меңгерген пайдаланушылар оқи алатын болса, қазір шетелде тұратын этникалық қазақтарға және ағылшын тілді шетелдіктерге де қолжетімді.   

 «Біздің Қор мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының бірлескен жұмысы барысында қазақ тілін онлайн оқуға мүмкіндік беретін Soyle.kz порталы сияқты маңызды жобалар жүзеге асырылды. 2013 жылы қолға алынған бастама - Soyle.kz жобасы 80 мыңға жуық пайдаланушыға қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік берді. Жоба тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар оның тыс, біздің отандастарымыз тұратын елдерде де кеңінен қолдау тапты», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

 «Біздің жобаларымыз тек түртіп қою үшін ғана емес, шын мәнінде мемлекеттік тілді оқып, үйренгісі келуі үшін, және жыл сайын біздің жобаларымыздың қамту аймағы, географиялық жағынан да, адамдар саны жағынан да ұлғайып келеді. Мысал іздеп алыс бармай-ақ қояйық, 15 жасар бала, Илья Гальцов «Soyle.kz» арқасында қазақ тілін сүйіп оқып, қазірде еркін сөйлейді", - деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

 «Balasoyle» мобильді қосымшасы мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қазақ тіліне үйретуге арналған, балалардың дұрыс сөйлеуін, грамматика ережелерін, сөздік қорын, қоршаған ортаны тануға мүмкіндік беретін, дамытушы онлайн-ойындар арқылы құрылған. Қолданба арқылы жас пайдаланушылар қазақ тілін тегін оқи алады. Күн сайын балалар Bala.soyle.kz порталын бір жарым мың адам пайдаланады.

Сондай-ақ, Қор ең танымал бейне-платформасы -Youtube әлемінде қазақ тілін үйрену бойынша бірегей бейне сабақтар әзірледі.  Бейне сабақтар қазақ тілінде ауызша біліктілікті жетілдіруге бағытталған және іс-әрекеттер күнделікті өмірлік жағдайларға ұқсайтын диалог түрінде өтеді. Сабақта енді бастаушылармен қатар тілді бұрыннан үйренетіндерге көмектесетін ресурстар жинақталған.  Қазіргі уақытта «Soyletube» Youtube-арнасында қазақ тілін үйренудің 8 бейнеролигі орналастырылған. Жетекші актер ретінде танымал блогер, көбіне Акын Акыныч ретінде танымал болып жүрген -  Андрей Фендриков сөз сөйледі.

Бүгінгі күні «Soyle» порталында 115 мың адам оқиды, ресурсты іске қосылған күннен бастап Қазақстан мен шет елдерден 5 миллион адам пайдаланды, ал «Soyle»-нің әлеуметтік парақша беттерінде мемлекеттік тілді күнделікті 40 мыңнан астам пайдаланушы оқиды. Онлайн-курстардың мобильді қосымшасын 50 мың адамды жүктеді, ал тақырыптық «Sozdik.sоyle.kz» сөздігін күн сайын мың адам пайдаланады. 2016 жылдан бастап «Soyle.kz» әдістемесі бойынша Skype арқылы қазақ тілін тегін оқыту жүргізіледі. «Астана» радиосында аптасына үш рет қазақ тілі сабақтары өтеді.

Добавить комментарий