ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Құрметті достар!

31/12/2018

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Жаңа жылда барлық алға қойылған мақсаттарға, жаңа биіктерге жетуді және өзіне деген сенімдерін және мүмкіндіктерін жоғалтпауды тілейміз! Денсаулық, амандық, молшылық, жағымды жаңалықтар болсын!

Біз үшін осы жыл да қызықты оқиғаларға толы болды. Біз көптеген жобаларды іске асыруға үлгердік. Мысалы, ел бойынша 50-ден астам спорт алаңы орнатылды. Ал біздің серіктестеріміз - "Дара" Қорымен бірге психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен ресурстық орталықтар ашылды. Ауыр диагнозы бар 192 бала шетелдік клиникаларға емделуге жіберілді. 

1,5 мыңнан астам бала аула клубтарында үйірмелер мен спорт секцияларына тегін баруға мүмкіндігі бар. Балалар үйінің 15 түлегі жаңа мамандықпен қоса бірге өмірге жолдама алды.
"Сенің басқа қырың!" жобасы арқасында 300 000-нан астам қазақстандық спортқа жұмылдырылды.

"Жеңіс" жобасының волонтерлері Қазақстанның 31 қаласында 1200 Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қамқорлыққа алды. 40 000-нан астам қазақстандық "Медициналық пойыздар" жобасының арқасында тегін медициналық тексеруден өтті.

Еліміздің коммерциялық емес ұйымдарының 265 өкілі "ӘREKET" жобасында әлеуметтік кәсіпкерлікке оқудан өтті, олардың 98-і өз ісін дамытуға гранттар алды. Әрине, бұл біз биылғы жылы жүзеге асырып үлгерген барлық жобалар емес, олар жайында жыл сайынғы есепте егжей-тегжейлі айтып береміз.

Алдағы жылы жобалар қызықты болады және біз олардың әрқайсысы туралы міндетті түрде айтатын боламыз, сондықтан біздің жаңалықтарымызды қарап жүріңіздер!

Добавить комментарий