«Ананың қасиеттілігі» бағдарламасының VI Форумында «Samruk-Kazyna Trust» Қоры қайырымдылық жобаларды ұсынды

19/11/2018

Минскте «Қазіргі заманғы отбасы: мәні, даму мүмкіндігі мен болашағы» тақырыбында «Ананың қасиеттілігі» бағдарламасының VI Форумы өтті. Сонымен қатар, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры  отбасылар институтын қолдау бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

«Ананың қасиеттілігі» бағдарламасының бастамашысы Ресейдегі қоғамның рухани және мәдени негіздерін сақтау саласында жұмыс істейтін ірі әрі тәжірибелі қоғамдық ұйымдардың бірі - Андрей Первозванный атындағы Қоры болып табылады.

Форум қатысушыларына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко ресми сәлемдесу сөздерін жолдады.

Шарада Ресей, Беларусь, Сербия, Қазақстан, Израиль, АҚШ, Грузия және өзге де елдің өкілдері қатысты. Форум барлығы 12 мемлекеттен келген 400 000-нан аса өкілді жинады. Халықаралық алаңға сарапшы ретінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры шақырылды.

Қордың өкілі – бас директордың орынбасары – Шілдебаева Әсел отбасылық мекемелерге қолдау көрсетуде өз тәжірибесімен бөлісті және еліміздің түрлі өңірлерінде жүзеге асыратын әлеуметтік жобалар туралы әңгімелеп берді.

«Біз бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатырмыз, олардың басым бөлігі отбасы институтын қолдауға бағытталған. «Самұрық-Қазына» АҚ - ең алдымен, ел тұрғындары мен олардың отбасыларының әл-ауқаты маңызды болып келетін бизнес-холдинг. Сондықтан біздің жобаларымыз интеграцияланған тәсілге ие және тұтас отбасыға және әрбір мүшесіне жағымды әсер етеді », - деді өз сөзінде Әсел Шілдебаева.

Беларусь Республикасының өкілі, «Арыстандар клубы» қоғамдық ұйымы басқармасының төрағасы - Вячеслав Щерба форумға қатысушы барлық елдер отбасылық құндылықтарды қолдаудың бірегей тәжірибесіне ие екендіктерін қоса кетті.

 «Ресейлік, белоруссиялық және қазақстандық коммерциялық ұйымдардың жұмысына әртүрлі мүмкіндіктер бар, бірақ бәріміз бір отбасылық институтты сақтап қалуға тырысамыз, себебі отбасылық институттарға салынған инвестициялар - бұл біздің мемлекеттерімізге табыс әкелетін ұзақ мерзімді инвестициялар. Бүгінде бизнес отбасыға бет бұрып, осындағы инвестицияларға барынша шоғырлануы керек. Табысты отбасы - табысты мемлекеттің кепілі », - деп Вячеслав Щерба атап өтті.

Ол соңғы уақытта біздің елдеріміздің өзгергендігін атап өтті.

«Қазір, мүмкін, әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін кейбір технологияларды іздестіруде Батыстық бағытқа қарай бергеннен гөрі, ынтымақтастыққа мүмкіндік табу үшін Шығыстық бағыт ойлауға және қарауға тұрарлық және бүгінгі талқылау біздің мемлекеттеріміз бен басқа да қатысушылар үшін пайдалы. Бұл бүгін мен жеткен басты тәжірибе», - деді сарапшы.

Comments are closed.