ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Жания Әубәкірова концерттері енді сандық форматта қолжетімді

24/09/2018

Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Жания Әубәкіровамен кездесу өтті. Жиын барысында «Қазақ музыкасының антологиясы» мен концерттерінің DVD альбомы көпшілікке ұсынылды.

«Қазақ музыкасының антологиясы» - классикадан бастап заманауи шығармаларға дейінгі отызға жуық аспаптардың туындылары Қазақстанда алғаш рет 4К форматында түсірілген бейне жазбалары.

* Біз қазақтың дәстүрлі музыка қорын толықтырып және кеңейту жолында қол жеткізген жетістіктерді, әсіресе, үлкен құрамдағы оркестрге арналған туындыларды дыбыс және бейне технологиясының соңғы үлгідегі жаңашылдықтармен сақтап қалуды қаладық. «Қазақ музыкасының антологиясы» осылайша пайда болды, - деп атап өтті Жания Әубәкірова.

«Қазақ музыкасының антологиясының» шығарылымы Full HD форматында таныстырылды.

DVD-альбомда Жания Әубәкірованың Wiener Konzerthaus және Люксембург филармониясында берген жеке концерттері жинақталған. Концерт бағдарламасына Бахтың хорлық шығармаларының кіріспесі мен Шопеннің балладалары кіргізілді. Халық әртісінің шығармашылығында неміс және поляк сазгерлерінің туындылары ерекше орын алады.

Таныстырылым барысында жиналғандарға жаңа антология жайында бейне үзіктер ұсынылды, сондай-ақ, дәстүрлі музыканттар жанды дауыста өнер көрсетті.

Айта кету керек, «Қазақ музыкасының антологиясы» және DVD-альбомдар ҚР Халық әртісі Жания Әубәкірова шығармашылығының 30 жылдығына арналған мерейтойлық шараларының бағдарламасына кіреді және оны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры қолдауымен ««Классика» музыкалық агенттігі» Мемлекеттік емес мекемесі жүзеге асырады.

Добавить комментарий