Отбасы күнінде Елорда тұрғындары үлкен отбасылық квестке қатысты
09/09/2018
Астана қаласының тұрғындары Отбасы күнін отбасылық квест ойынымен атап өтті. 9 қыркүйек күні қала тұрғындарының сүйікті саябақтарының бірі — «Жетісу» саябағында ондаған отбасы шығармашылық байқаулар мен «Шаолинь шебердің құпиясы» квестіне қатысу үшін жиналды.
Мереке қонақтарының құрметіне арнайы қызықты отбасылық байқаулар, Астана қаласының жетекші психологтарының кеңестері, футболдан, допты хоккей сияқты спорт түрлерінен түрлі шеберлік-сабақтары өткізіліп, әуе жыландары мен ұшақтарды ұшыру да ұйымдастырылды. Шара соңында ең дарынды қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Баланың болашақта қандай адам болып шығатындығы оның қандай ортада өсетіндігіне, ата-ананың оның айналасында қандай психологиялық және адамгершілік ортаны қалыптастыратындығына тікелей байланысты. Біздің серіктестеріміз «Замандас» ҚҚ бұл мәселені шешуге барын салды және соның нәтижесінде қазіргі таңда отбасылық аула клубтары жұмыс жасап келеді», - деді Іргебаев Мирас. Және ол бұл жобада әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көп көңіл бөлінетіндігін де айта кетті.
«Бүгін Отбасы күні мерекесінде ұйымдастырылып жатқан шаралар, біріші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған. Бүгін осы шараға қатысып жатқан отбасылардың көбі «Замандас» отбасылық аула клубтарына қатысады. Бұл клубтарда ата-аналар балаларын түрлі үйірмелерге беріп қана қоймай, өздері де мамандардан тегін психологиялық кеңестер ала алады» - дейді.
«Бүгін балалар ата-аналарымен бірге квест ойынын ойнап, шеберлік сабақтарына қатысты. Сонымен қатар, ата-аналар Астананың жетекші психологтарынан кеңестер ала алды. Мұндай шаралар отбасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға көп көмектесетінін атап өткен жөн. Әсірсе қазіргі вертуалды технология заманында. Өйткені қазір ата-аналар да балаларда телефондар мен гаджеттерге тәуелді», - дейді «Замандас» ҚҚ директора Ләззат Алшынова.
Сонымен қатар, Ләззат Алшынова «Замандас» отбасылық аула клубтарының Астана қаласында осымен сегіз жыл бойы жұмыс жасап келе жатқанын және алдағы уақытта да отбасы қатынастарын нығайту мен балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған клубтардың жұмысы жалғасатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің әр екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Бұл күн отбасылық қарым-қатынасты нығайтып, демография мәселесіне көңіл аударып, мәдени-рухани құндылықтар мен дәстүрді нығайтуға бағытталған.
Добавить комментарий