ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Отбасы күнінде Балалар қалашығының тәрбиеленушілері эксперименттік жарыстарға қатысты

08/09/2018

8 қыркүйек күні «Shymbulak» тау шаңғы курортында «Алматы SOS Балалар қалашығы» мен «Тәлімгерлер» жобасының тәрбиеленушілері Отбасы күніне орай ұйымдастырылған үлкен мерекелік шараға қатысты.

Қазақстанда қыркүйек айының әр екінші жексенбісі атап өтілетін Отбасы күні қарсаңында «Shymbulak» тау шаңғы курорты Балалар қалашығының және «Тәлімгерлер» жобасының тәрбиеленушілерін қонақ етті.

Алдымен кішкентай қонақтарға тау шаңғы базасы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, шаңғы спорты туралы ақпарат берілді. Одан кейін балалар скалодром мен арқан паркінде ұйымдастырылған спорттық сайыстарға қатысып, өздерінің төзімділігі мен шапшаңдығын сынап көрді.

Шараны «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры мен «ShymbulakSkiAndSportsClub» бірлесе ұйымдастыры.  

 «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының Басқарушы директоры-ресми өкілі Іргебаев Мирастың айтуы бойынша, бүгін Қазақстан бойынша шамамен 26 мың жетім бала бар. 

«Отбасы – бұл жас ұрпақтың қалыптасуы мен әлеуметтенуі жолында елеулі роль атқаратын маңызды әлеуметтік институттардың бірі. Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, еліміздегі 26 мың ата-ананың қарауынсыз қалған балалардың көп бөлігі асырап алушы отбасыларда өмір сүріп жатыр. Тағы шамамен 6 мың бала жетім балаларға арналған арнайы мекемелерде тұрады. Мұндай балаларға ересек тәлімгерлермен қарым-қатынас арқылы тәуелсіз өмір дағдыларын қалыптастыруға көмектесу мақсатында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Дара» Қорымен бірлесе отырып «Тәлімгерлер» жобасын жүзеге асырады»,- дейді Мирас Іргебаев.

Сонымен қатар, Қор отбасылық типті балалар үйіне қолдау көрсететін «Балаларға арналған қамқорлық үйі» жобасын белсенді жүзеге асырып жатқандығын да атап өтті.

«Біз үшін түрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығынсыз қалған  балалардың тиісті жылулық мен қамқорлықты ала алуы өте маңызды. Сондықтан біздің қор серіктестерімен бірлесіп балалар үшін нағыз мереке ұйымдастыруға тырыстық. Балалардың көңілінен шығып, тек жағымды естеліктер қалдырдық деп сенеміз», - деп қорытындылады Мирас Іргебаев. Спорттық-сауықтыру шарасы балаларға естелік сыйлықтар сыйлаумен қортындыланды.

Добавить комментарий