ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

16 000 шақырым, 600 бала және тамаша естеліктер: «Туған елге саяхат» жобасының үшінші маусымы аяқталды

28/08/2018

 «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызының турлары аяқталды. Екі айға созылған жобаға 600 бала қатысып, олар жалпы қашықтығы 16 000 шақырым жол жүріп өтті.

 «Туған елге саяхат» - бұл балаларды жан-жақты дамытуға, өз халқының мәдениетімен танысуға, патриотизмді нығайтуға бағытталған балалар экскурсиялық туры. 2016 жылдан бастап 1120 бала еліміздің ең қызықты туристік нысандарын аралап, Қазақстан бойынша саяхат жасады.

Биылғы бағдарлама бойынша оқушылар Астана қаласындағы Бәйтерек монументі мен футуристік Болашақ музейін аралады, кейін Байқоңырда балаларға арнап «Қорқыт ата» мемориалдық кешені мен ғарыш айлағы мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылды. Ежелгі қала Түркістанда жоба қатысушылары Қожа Ахмет Яссауи кесенесін араласа, Алматы балаларды өзінің тауларымен және хайуанаттар бағымен таң қалдырды. Ал тағы да  жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күйді оқушыларға өзінің сұлулығы мен емдік қасиеттері арқылы танымал болған Алакөл көлі сыйлады.

 «Туған елге саяхат» жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметік жобаларды дамыту Қорымен бірлесе отырып «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Әлеуметтік жобалар қоры» КҚ жүзеге асырады. 

 «Туған елге саяхат» жобасының қатысушылары ыңғайлы вагондарда саяхаттады, олардың барлығы 2013-2014 жылы шығарылған жаңа вагондар. Арнайы осы жоба үшін бізге 9 купелі вагон ұсынылды. Біз балаларға толық 5 мезгіл тамақтануды ұйымдастыруға тырыстық, яғни пойыздарда екі вагон-мейрамхана болды. Ал жас саяхатшылардың қауіпсіздігіне барлығы 20 адам жауапты болды, олар – тәлімгерлер, педагогтар және медицина қызметкерлері», - дейді өз сөзінде «Әлеуметтік жобалар қоры» КҚ-ның директоры Ербол Кеңгербаев.

Сапар барысында балалар үшін білім беру үйірмелері, оның ішінде ағылшын тілінен курстар, көркем сурет үйірмесі, «Ойшыл» және қызығушылықтар бойынша клубтар ұйымдастырылды.

          Жобаның биылғы маусымында 600 бала қамтылды, оның 510-ны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындарында еңбек ететін қызметкерлердің балалары. Қалған 90 бала жобаға шығармашылық байқау қорытындысы бойынша қатысты.

 «Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық туры – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы шоғырланған аймақтарда жүзеге асырылатын «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. «Менің елім» бағдарламасы «Самұрық-Қазына» Қорының еншілес компаниялары қалақұрушы болып табылатын аймақтарда өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобалар сериясын біріктіреді

Добавить комментарий