Samruk-Kazyna Trust аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсартуға 3 млрд теңгеден астам қаражат бөледі
24/07/2018
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар Бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырып жатыр.
Қазіргі уақытта «Менің елім» бағдарламасының аясында Қормен «Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық турын ұйымдастыру, «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту, «Шебер» - балалар үйінің түлектерін оқыту және жұмыспен қамту, «Күншуақ» балалар лагерін арнайы құралдармен жабдықтау және өңірлерде әмбебап спорт және ойын алаңдарын орнату сияқты жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар, Бағдарлама шеңберінде Жаңаөзен қаласындағы 10 жалпы білім беру мектебін компьютерлермен жабдықтау жоспарланған.
«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын жобалардың жалпы сомасы 3 175 503 828 теңгені құрайды.
«Туған елге саяхат» - бұл 12 мен 15 жас аралығындағы балаларға арналған Қазақстан бойынша экскурсиялық тур. Жаз мезгілінде арнайы пойызда 600 бала Астана, Байқоңыр, Алакөл, Түркістан, Алматы бағыты бойынша саяхатқа аттанады.
«ӘРЕКЕТ» жобасы Қазақстанның 8 өңірінің коммерциялық емес ұйымдары арасында әлеуметтік кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Коммерциялық емес ұйым өкілдері жетекші бизнес-тренерлер жүргізетін тегін оқу курстарына қатысады. Тренинг соңында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын қорғайды. Олардың ішіндегі ең үздік деп танылғандары әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 500 000 теңге көлемінде грант иеленеді. Бұдан бөлек, грант ұтып алғаннан және өз ісін ашқаннан кейін 9 ай бойы өз кәсіпкерлігін сәтті жүзеге асырған бір коммерциялық емес ұйымға 1 000 000 теңге көлемінде қосымша қаражат табысталады.
Орал қаласының балалар үйінің түлектерін сұранысқа ие кәсіпке - тігу ісіне үйрету және оларды кейіннен жұмысқа орналастыру - «Шебер» жобасының басты мақсаттты болып табылады. Жоба барысында балалар үйлерінің түлектерін тігін ісіне оқытудан басқа, құқықтық мәселелер және жеке бизнес құру мәселелері бойынша жеке консультациялар ұйымдастыру, сондай-ақ жобаға қатысушыларды бір уақытта оқуға және табыс табуға үйрету мүмкіндігін беретін практикалық жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Сонымен қатар, Бағдарлама Ақтөбе облысындағы «Күншуақ» балалар лагерін арнайы инклюзивті жабдықтармен қамту мүмкіндігін берді. Жоба әр баланың жеке қабілеттерін анықтауға арналған бірегей білім кеңістігін құруды көздейді. Қайырымдылық көмек қаражатының есебінен лагерьдің тұрғын корпустарында сенсорлы комнаталар, Монтессори кабинеттерін, жұмсақ бөлме, ЕДК кабинетін және ойын аймағын салу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы өңірлерде әмбебап балалар ойын алаңын орнатуды қарастырады. Жалпы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында барлығы 41 алаң орнатылады. Бұдан басқа, Жаңаөзен қаласында 10 workout алаңы салынады.
Добавить комментарий