Болашақ авиаинженерлер Астана қаласында өздерінің үздік жобаларын ұсынады
24/07/2018
Астана қаласында мектеп оқушылары арасында көлік саласындағы республикалық конкурстың финалы өтіп жатыр. Қазақстан бойыша 17 команда Крэнфилд Университетінде тағылымдамадан өту үшін бақ сынасады.
Бүгін байқаудың бірінші күні, оның барысында оқушылар комиссия алдында өз жұмыстарын қорғайды. Байқау комиссиясының құрамына «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының, Крэнфилд Университетінің аэроғарыштық мектеп және Air Astana компаниясының өкілдері кірді. Комиссия мүшелері үміткерлерді келесі талаптар бойынша таңдады: пезентацияның сапасы (ауызша және жазбаша), шығармашылық ой мен практикалық ұсыныстар (жобалардың), Ағылшын тілін қолдану және ұсынылған тапсырмаларға жауаптардың дұрыс болуы.
Қорытынды іріктеу кезеңінде 85 адам жиналды. Әр команда 4 студенттен және 1 жетекшіден тұрады.
Байқау қазақстандық жастардың көлік саласына деген қызығушылығын арттыру және білімдерін тереңдетуге, сонымен қатар, оқушылардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауына ынталандыру мақсатында өткізіліп жатыр.
Финалдық іріктеу қорытындысы бойынша – 40 адамнан тұратын финалистер (2 жеңімпаз команда және әр облыстық командадан 2 оқушы) 19 мен 26 тамыз аралығында Крэнфилд университетінің аэроғарыштық мектебіне оқу-танымдық сапарға аттанады.
Добавить комментарий