Астанадан Алакөлге дейін: қазақстандық оқушылар еліміз бойынша саяхатты бастады
19/07/2018
16 шілде «Туған елге саяхат» жобасының 200 қатысушысы Қазақстан бойынша саяхатқа аттанды.
Шілденің 15-і мен 16-ы күндері балалар бір-бірімен және тәлімгелерімен танысқаннан кейін, олар үшін Астана қаласы бойынша экскурсиялар топтамасы ұйымдастырылды. Екі күнде балаларға ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайын, Бәйтерек және ЭКСПО шысандарын, оның ішінде «Нұр Әлем» павильонын аралады.
Шілденің 16-сы күні кешке «Туған елге саяхат» жобасының қатысушылары «Нұрлы жол» вокзалынан алғашқы сапарға аттанды. Олар алдағы 9 күн бойы Байқоңыр, Түркістан, Алматы қалаларының көрікті орындарымен танысады және Қазақстанның ең әдемі жерлерінің бірі - Алакөл көліне барады.
Балалар сапарға аттанар алдында, тілек тұтып аспанға шар ұшырып және арнайы флеш-моб өткізді.
Жолда балалардың жанында тәлімгерлер, мұғалімдер, медицина қызметкері, барлығы 20 адам болады. Сонымен қатар, балалар үшін арнайы ойын сауықтық бағдарлама, оның ішінде, қызығушылықтар бойынша үйірмелер, зияткерлік үйірмелер, таза ауадағы түрлі ойындар және т.б. ұйымдастырылады.
Жобаның екінші және үшінші кезеңінде арнайы байқауға қатысып, іріктеуден өткен балалар қатысады. Естеріңізге сала кетсек, байқау шілденің 5 мен 18 аралығында өтті. Оның нәтижелері 20-шы шілдеден кейін белгілі болады.
Добавить комментарий