Орал қаласы балалар үйінің түлектері тігін ісіне үйренеді

11/07/2018

Орал қаласында балалар үйінің түлектеріне арналған «Шебер» қайырымдылық жобасы іске қосылады. Жоба аясында түлектерді тегін түрде тігін ісіне үйрету көзделген.

     «Нұр» қоғамдық қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен бірлесіп «Балалар үйінің түлектерін тігін ісіне үйрету» қайырымдылық жобасын бастады. Оның мақсаты - Орал жастар үйінде тұратын балалар үйінің түлектерінің әл-ауқатын арттыру. Жоба «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда.

       Жоба барысында балалар үйлерінің түлектерін тігін бизнесіне оқыту, құқықтық мәселелер және жеке бизнес құру мәселелері бойынша жеке консультациялар ұйымдастыру, сондай-ақ жобаға қатысушыларды бір уақытта оқуға және табыс табуға үйрету мүмкіндігін беретін практикалық жұмыстар жүргізу жоспарланған.

        Бүгінгі таңда Орал қаласындағы «Шаңырақ» жастар үйінде 115 балалар үйінің түлегі тұрады. Олардың көбі жас отбасылар мен 12 жасқа дейін балалары бар жалғыз басты аналар.

    «Нұр» Батыс Қазақстандық балалар үйі мен мектеп-интернаты түлектерінің одағы» Орал қаласындағы балалар үйінің түлектерінің арасында әлеуметтік жетімдік мәселелерінің алдын алу мен олардың жұмыспен қамтылуына ықпал етуді алдына басты мақсат етіп қойған.

Comments are closed.