ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Туған елге саяхат» пойызы жаңа сапарға шығады

09/07/2018

Еліміз бойынша қызықты саяхатқа биылғы жылы 600 жас қазақстандық аттанады. Осы жазда 12 мен 15 жас аралығындағы жас қазақстандықтар еліміздің көрікті және маңызды туристік объектілері арқылы арнайы пойызбен саяхаттайды. Балалардың сапары Астана қаласынан басталады, кейін олар Байқоңыр қаласына, ол жерден Түркістан, кейін Алакөл, Алматы қаласын аралап, Астанаға қайта оралады.

     Барлық сапар барысында балалардың жанында тәлімгерлер және аниматорлар болады. Олар балалар үшін арнайы ойын сауықтық бағдарлама, оның ішінде, қызығушылықтар бойынша үйірмелер, зияткерлік үйірмелер, таза ауадағы түрлі ойындар және т.б. ұйымдастырады.

      Осы маусымда жобаға 600 бала қатысады. Оның 510-ны көпбалалы отбасылардан, аз қамтылған немесе жалғыз басты отбасылардан, сондай-ақ жақсы академиялық үлгерімі бар шалғайдағы елді мекендерде өндірістік қызметте жұмыс істейтін «Самұрық-Қазына» холдингінің қызметкерлерінің балалары.

    Тағы 90 бала бүкіл Қазақстан бойынша байқау негізінде іріктеледі. Байқауға қатысу үшін «Мен өз өңірімде нені өзгертетін едім?» тақырыбында шығарма, бейнеролик немесе өлең жазып, pr@sk-trust.ibitrix.kz. электрондық поштасына жолдау қажет. Байқау 15 шілдеге дейін жалғасады, одан кейін конкурстық комиссия үздік жұмыстарды таңдап, жеңімпаздарды жариялайды. Байқауға 12 жастан 15 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

    «Туған елге саяхат» жобасы осымен 3 жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Өткен жылдары жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық бала қатысты.

     Жобаны «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АК-ның «Әлеуметтік жобаларды дамыту» КҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асырады. Жобаның басты мақсаты -  балалардың бойында қоршаған ортаға деген қызығушылығын оятып, еліміздің тарихи және архитектуралық ескерткіштерін танып, білуге, Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін ояту.

Жоба туралы толығырақ ақпаратпен келесі сілтеме арқылы біле аласыз  http://sk-trust.ibitrix.kz/kz/competition

Добавить комментарий