#СеніңЖаңаҚырың: челледж жеңімпаздары Астанада кездесті

08/07/2018

Қазақстандағы ең ірі спорттық іс-шаралардың бірі – «Сенің Жаңа Қырың» спорттық бастамасы аяқталды. Ұйымдастырушылар уәде еткендей – 21 күн бойы жаттығуларды үзбей жасаған және өз сөзінде тұра білген қатысушылар Астана қаласында өткен үлкен Open Air шарасына шақырылды.

   Барлығы 18 жеңімпаз анықталды – әр өңірден бір адамнан және қосымша Шығыс Қазақстан облысы мен Астана қаласынан бір жеңімпаздан.

      Арнайы алаңға жоба ұйымдастырушысы – пауэрлифтингтен спорт шебері Валихан Тенмен бірге Қазақстанның барлық өңірлерінің өкілдері жиналды. Қатысушылар қарапайым жаттығулардан бастап бірқатар күш жаттығулар легін жасады. Бұдан басқа, челледжді қолдау мақсатында барлық өңірлердің облыс орталықтарында да жаппай жаттығу шаралары өтті.

     Челледж қатысушыларын «Барыс» ХК өкілі, тафгай клубының танымал спортшысы – Дамир Рыспаев, «Астана» ФК футболшысы – Сергей Малый мен Абзал Бейсебеков, сонымен қатар «Astana Arlans» клубының боксшылары қолдап келді.

   Естеріңізге сала кетсек, «СеніңЖаңаҚырың» челленджі 4 маусым басталып 21 күнге созылды. Жоба қорытындысы бойынша байқау комиссиясы ең белсенді қатысушыларды анықтады. Жоба Ережесіне сай, қатысушылар 21 күн бойы үздіксіз кез-келген спорт түрімен айналысатындығы жайлы сөз беріп, күнделікті жаттығуларын фото және бейне материалдармен дәлелдеп отырулары керек болатын.

   Салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген онлайн-флешмоб бастамасын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры қолдады.

Comments are closed.