Жазғы демалыс уақытында 300 бала «Жас Шуақ» лагерінде демалатын болады

02/07/2018

«Жас Шуақ» жазғы лагері кезекті рет балаларға өз есігін ашты. Осымен төртінші жыл қатарынан лагерь көпбалалы отбасылардан, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балаларға арнап жұмыс істеп келеді.

Жазғы маусымның ашылуы Астана қаласының Промышленный елді-мекенінде орналасқан № 57 орта мектепте өтті. Алайда, лагерь 4 мекемеде қатар жұмыс істейтін болады. Олар: №57, №13 орта мектептерде және Астана қаласының 2 балалар орталығында. Жоспар бойынша, биылғы жылы «Жас Шуақ» лагерінде 300 бала демала алады. Балалар күнделікті мұражай, саябақтар, көрмелер, концерттер мен театрлар сынды мәдени және ойын-сауықтық орындарға барады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға лагерьдегі барлық қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

Лагерь аумағы жайлы демалу үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған: ыңғайлы асхана, ойын бөлмелері мен ойын-сауық алаңдары болатын жарқын кеңселер қарастырылған.

Лагерьді «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Замандас 21» Қоғамдық қоры ұйымдастырып жатыр.

АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ:

 «Жас Шуақ» балалар легері әлеуметтік жағдайы осал отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету үшін 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Лагерь 3 маусымға жоспарланған, бір маусым 10 жұмыс күніне тең.

Лагерьдің жұмыс жасау уақыты 10.00-ден 17.00-ге дейін. Тамақтану қарастырылған.

Биылғы жылы лагерь Астана қаласының екі балалар орталығында, №13 және №57 орта мектепте жұмыс істейді.

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 701 720 12 69, 8 708 999 6669, 87751591514.

Comments are closed.