Samruk-Kazyna Trust қорының 2018 жылға арналған әлеуметтік жобалар тізімі бекітілді
29/06/2018
«Ардагерлер ұйымы» РҚҰ
Естеріңізге салсақ, бұған дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры Әлішер Пірметов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қайырымдылық саясатына өзгерістер енгізілетінін айтқан болатын.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма шешіміне сәйкес, компаниялар тобының бірегей қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры төмендегі төрт бағыт бойынша қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын болады:
1) әлеуметтік және медициналық сектордағы қоғамдастықтар мен адамдарға көмек көрсету;
2) бұқаралық ақпарат құралдарын, мәдени қоғамдастықты, адам әлеуетін дамыту, еңбек қатынастарын нығайту және қоғамның тұрақты дамуына инвестиция;
3) «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлердегі әлеуметтік инвестициялардың өңірлік бағдарламасын іске асыру;
4) Қордың не/немесе компаниялар тобының беделін арттыру;
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма шешімімен жыл сайынғы қайырымдылық бюджетінің көлемі 15 млрд теңгеден 10 млрд теңгеге қысқартылды.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының жүзеге асыратын жобалар тізімі
1 |
«Ардагерлер ұйымы» РҚҰ |
«Жеңіс» жобасы |
2 |
«Бірінші болу батылдық» КҚ |
«Challenge Сенің Жаңа Қырың» жобасы |
3 |
«Еуразиялық Медиа форум» Халықаралық Қоры» КҚ |
«XV Еуразиялық Медиа Форумды ұйымдастыру және өткізу» жобасы бірегей Орталық Азия ашық диалог алаңын ұйымдастыру үшін |
4 |
«Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры» ЖҚ |
«Қазақ тілді БАҚ дамыту және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын насихаттау» жобасы |
5 |
«Еркін Мейірімдік Қоғамы» ҚҚ |
1. «Балаларға өмір сыйла» - ҚР аумағында емделмейтін диагнозды балаларға көмек көрсету ( 400 бала, соның ішінде 80 бала Қордың қаражаты көмегімен), |
6 |
«Дара» ЖҚ |
«Әр түрлі балалар – тең мүмкіндіктер» жобасы Шымкент, Павлодар, Өскемен және Көкшетау қалаларында 4 инклюзивті ресурс орталығын ашу және Атырау, Семей және Екібастұз қалаларында 3 педагогикалық-психологиялық түзету кабинетін ашу |
7 |
«Замандас 21» ҚҚ |
«Балалардың мүдделері үшін қозғалыс» жобасы Астана қаласында Қошқарбаев к-сі 44, Абай к-сі 92/2, Ш.Құдайбердіұлы к-сі 28 мекен-жайы бойынша орналасқан аула клубтарының 1500 аз қамтылған отбасынан шыққан балалары үшін жұмыс істеуі |
8 |
«Қасиетті жол» ҚҚҚ |
Астана және Шымкент қалаларындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан церебралды сал ауруы диагнозы бар 1200 баланы оңалтудан өткізу (3 орталық) |
9 |
«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» КҚ |
«Soyle» жобасы: 4) Онлайн курстардың ағылшын-латындық нұсқасын әзірлеу. |
10 |
«Ақниет Қоры» ЖҚ |
Түркияда тұратын этникалық қазақтардың (10 студенттің) тарихи отанымен танысуы |
11 |
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы» |
«Астана» Халықаралық қаржы орталығының ресми тұсаукесерін қолдау |
12 |
«Н.А. Марабаев ат. Мұнайшы» ҚҚ |
Көмекке мұқтаж мұнайшы-ардагерлерге көмек көрсету |
13 |
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірге көліктік өнеркәсіп саласы бойынша мектеп оқушылары арасындағы республикалық конкурс |
14 |
«Замандас 21» ҚҚ |
Әлеуметтік жағдайы осал отбасылардан шыққан 300-ден астам балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын ұйымдастыруға бағытталған «Жас Шуақ» жазғы демалыс лагерін ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыру үшін |
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы:
|
||
15 |
«Әлеуметтік жобалар қоры» КҚ |
«Туған елге саяхат» жобасы |
16 |
«Samruk-Kazyna Trust» КҚ |
«Әмбебап спорт және ойын алаңдарын орнату» жобасы |
17 |
«Samruk-Kazyna Trust» КҚ |
«ӘREKET» |
18 |
«Samruk-Kazyna Trust» КҚ |
«10 жалпы білім беру мектебін компьютермен қамту» жобасы (Жаңаөзен қ.) |
19 |
«Samruk-Kazyna Trust» КҚ |
«Апатты жағдайда тұрған 21 тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу» жобасы (Жаңаөзен қ.) |
20 |
«Samruk-Kazyna Trust» КҚ |
«10 Workout алаңын орнату» жобасы (Жаңаөзен қ.) |
21 |
«Жарылқау» ТӘҚҚҚҚ |
«Жаңаөзен қаласының тұрғындарына көмек көрсету» жобасы |
22 |
«Нұр» түлектер одағы» ҚБ |
«Шебер» жобасы |
23 |
«Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ |
«Инклюзивті балалар ойын алаңын құру және Күншуақ балалар лагерін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету» жобасы |
Добавить комментарий