Қазақстандық оқушылар шетелдік оқу орындарының стипендианты атанды

13/06/2018

Назарбаев зияткерлік мектебінің үш оқушысы Оңтүстік-Шығыс Азияның Біріккен әлем колледжіндегі (UWCSEA) оқуын аяқтап, Қазақстанға оралды. Олар екі жыл бойы Сингапурдың ең үздік оқу орындарының бірінде білім алды. Бұл «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының оқушыларға ұсынған гранттарының арқасында мүмкін болды.

Айжан Жомарқызы, Валентин Шумаков және Ардақ Талипова алдыңғы қатарлы халықаралық бағдарлама бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарының жоғарғы мектебінің студенттері сыртқы білім беру арқылы оқыды.

Шетелде білім алу құқығына ие болған оқушылар Қазақстан мен Сингапурдағы білім беру жүйесін салыстырып, алдағы уақытта алған тәжірибесімен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен бөлісу мүмкіндігіне ие болды.

 «Біз Сингапурде оқыған халықаралық жүйеде академиялық қасиеттермен қатар, әлеуметтік белсенділікке де үлкен мән береді. Олсыз білім ордасын аяқтады деген диплом алу мүмкін емес. Ал біздің елде мысалға, аттестат алу үшін тек академиялық үлгерімің жақсы болу керек. Ал әлеуметтік не спорттық шараларға қатысу міндетті емес»,- дейді Валентин.

 «Мені ол жақта алдымен белсенді дамып жатқан мультимәдени қоғам таң қалдырды. Біздің колледжде әртүрлі елдерден келген оқушылар өте көп болды. Мен үшін бұл жаңалық болды, сондықтан басында қоғамға үйренуім сәл қиынға соқты», - деп өз ойымен бөлісті Айжан.

Сингапур колледжінде сәтті білім алып келген Назарбаев зияткерлік мектебінің екі оқушысы  Валентин Шумаков пен Айжан Жомартқызы АҚШ-ның жоғарғы оқу орындарына шақырылды. Айжан «бизнес-менеджмент» мамандығы бойынша College of the Atlantic оқу орнына шақырылса, Валентин University of Oklahoma университетінің компьютерлік инженерия факультетін таңдады.

«Мен инженер мамандығын таңдағаныма қарамастан, осында Қазақстанда мұғалім болып жұмыс істеп көргім келеді. Мен НЗМ-де оқыған кезде, біздің мұғалімдер бізге ағамыз, әкеміз сияқты болатын. Менде сондай мұғалім болғым келеді. Бұл оқуда да, жеке дамуда да үлкен көмек көрсетеді», - дейді Валентин Шумаков.

Айжан Жомартқызы да шетелдегі оқуын бітірген соң, Қазақстанға оралып, елдегі эко-туризмді дамытқысы келеді.

 «Мен шетел халықтарының мәдениетін зерттегенді, басқа ұлт өкілдерімен танысқанды, олардың менталитетін тереңірек зерттегенді қатты жақсы көремін. Сондықтан біздің елде туризмді дамытатын халықаралық орталық ашқым келеді», - дейді Айжан.

Ардақ Талипова отандық медицинаның дамуына өз үлесін қосуды жөн санап, елордадағы Медицина аккадемиясына оқуға түсуді таңдады.

Балалар Оңтүстік-Шығыс Азияның Біріккен әлем колледжінде білім алу кезіндегі өздерінің көптеген ойларымен де бөлісті.

Олардың пікірі ортақ – Қазақстаннан жақын әрі ыстық ештеңе жоқ.

 «Мен Сингапурға оқуға кеткеннен кейін өз Отанымды одан да қатты жақсы көріп кеттім. Мәдениет, климат, табиғаттың айырмашылығы – өте үлкен. Және әрине, біздің қазақстандық менталитет менің жаныма басқаларға қарағанда анағұрлым жақын. Менің Америкаға оқуға түскеніме қарамастан, мен өз еліме оралып, өзімді әрі елімнің дамуына үлес қосқым келеді», - дейді Валентин Шумаков.

Comments are closed.