ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиада жеңімпаздары анықталды

05/06/2018

Өткен жылдың қазан айында бастау алған «SрortFEST Kazakhstan» мектеп спартакиадасы өз мәресіне жетті. 4-ші маусым «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ауқымды республикалық жобаның қорытындысы жарияланды.

Естеріңізге сала кетсек, іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары мамырдың 31-і мен маусымның 4-і аралығында Бурабайда өткен финалдық ойындарда бақ сынасқан болатын.

Финалдық кездесулер оқушылар үшін тартысты ойындардан бөлек, ерекше естеліктермен де есте қалатыны сөзсіз. Себебі, олар үшін арнайы конкурстар, ойындар, табиғат аясына арнайы экскурсиялар ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, әр бала жанына жақын іспен айналысуға мүмкіндік алды. Мәселен, оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін тоқыма, сурет салу, мүсін жасау үйірмелері мен бассейн, спортзал, шағын футбол алаңдары мен кинозалдарда түрлі шаралар өткізілді. Аталған шаралардың барлығы орталық қызметкерлерінің көмегімен жүзеге асырылды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар жобаның арқасында жаңа достар тауып, 5 күндік қорытынды ойындарда біршама қызықтарды бастан өткізді. Спартакиада қатысушыларының бірі Маусым Эмбиеваның айтуы бойынша бұл жазғы демалыстың тамаша бастамасы.

«Біз баскетбол командамызбен Маңғыстау облысынан келіп, Мұнайлы ауданыныңнамысын қорғауға келдік. Жоба өте қатты ұныды, әсіресе «Балдәуренде» өтіп жатқаны керемет. Бұл жердің табиғаты өте тамаша, Бурабайға саяхатқа шықтық. Бүкіл Қазақстаннан келген балалармен танысып, достасып кеттік. Күнде жаңа дүниелер үйренеміз, ойындар, жаттығулар, үйірмелерге қатысамыз. Барлық күндерді тәлімгелермен өткіземіз. Бізге арнап концерт ұйымдастырылды, біз киноға да бардық Барлық ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Біз бұндай жарыстарға тағы да қатысуға қарсы емеспіз», - дейді Маусым.

 

Нәтижелер кестесі:

Қорытынды күннің соңында спартакиада жеңімпаздары анықталды. Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Алматы қаласының оқушылары үздік атанды. 2 орын - Шығыс Қазақстан облысына, 3 орын - Ақтөбе облысы бұйырды.

Қыздар арасындағы шахматтан ұздік ойыншы деп Лесбекова Әсел атанса (Алматы қаласы), 2 орын - Абдуали Самал (Қызылорда облысы), 3 орынды Сагинтаева Арай иеленді (Қарағанды облысы). Үлдар арасында шахмат үздігі Жалмаханов Рамазан (Алматы қаласы), 2 орынды - Биксултанов Диаз (Павлодар облысы), 3 орынды Шапиев Алимхан иеленді (Ақтөбе облысы).

Тоғызқұмалақтан ұлдар арасында 1 орынды Әуелбай Ерсұлтан (Астана қаласы), 2 орынды - Тұрақбай Жұмагелді (Маңғыстау облысы), 3 орынды - Беркінбаев Жарылқасын (Оңтүстік Қазақстан облысы) иеленді. 

Қыздар арасындағы тоғызқұмалақтан 1 орын - Байболат Гүлназға (Оңтүстік Қазақстан облысы) бұйырса, 2 орын - Смаилова Жансаяға (Қостанай облысы), 3 орын - Нұрмедин Әйгерімге (Ақтөбе облысы) бұйырды.

Үстел теннисі. Қыздар арасында 1 орын - Баканова Аймира (Павлодар облысы), 2 орын - Нурмухамбетова Асем (Батыс Қазақстан облысы), 3 орын - Дарюбаева Айдана (Алматы облысы). 

Ұлдар арасында 1 орын - Андосов Сабыржан (Павлодар облысы), 2 орын - Усипбаев Жанболат (Оңтүстік Қазақстан облысы), 3 орын - Жамашев Ислам (Ақтөбе облысы).

Баскетболдан Ақмола облысының оқушылары үздік атанды.   2 орын - Ақтөбе облысы,  3 орын - Қостанай облысы

Футзалдан 1 орын - Атырау облысы, 2 орын - Қызылорда облысы, 3 орын - Алматы қаласы.

Жеңімпаздарды димломдармен марапатталып, бірінші орын иегерлеріне велосипедтер, екінші орын гироскутерлар, үшінші орын электросамокаттар табысталды.

 «SportFEST Kazakhstan» бұл «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар» Жеке қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының алғашқы спорттық жобасы. Жобаға республика бойынша барлығы 6000 жуық оқушы қатысып, оның ішінде 528 оқушы финалдық ойындарға жолдама алған болатын.

Добавить комментарий