ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Қазақстандағы ең ауқымды спорт бастамасы 4 маусым іске қосылады

28/05/2018

28 мамыр Орталық коммуникациялар қызметінде «Challenge «Сенің Жаңа Қырың» республикалық спорт бастамасының іске қосылуына орай баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихаты барысында спикерлер Challenge «Сенің Жаңа Қырың» спорт бастамасы туралы ақпарат беріп, оның өткізілу уақыты, қатысу ережелері және жеңімпаздарды не күтіп тұрғаны туралы толық ақпарат берді.

Шараға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының басқарушы директоры – ресми өкілі Лима Диас; Challenge «Сенің Жаңа Қырың» жобасының ұйымдастырушысы Валихан Тен; Олимпиада чемпионы, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Ибраимов; әртіс, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жобаның бренд-амбассадоры – Мұрат Мұтырғанов қатысты

 Қазақстанда Challenge «Сенің Жаңа Қырың» бұқаралық спорт бастамасы 2018 жылдың 4 маусымында басталады. Салауатты өмір салтын қолдау және физикалық белсенділікті насихаттау мақсатында онлайн-жобаны іске асыру бастамасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры қолға алды.

  Жобаны Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев қолдап, қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға және белсенді өмір салтын ұстануға шақыратын бейне үндеу жолдады.

 «Challenge «Сенің Жаңа Қырың» - бұл елдің өмір салтындағы жаһандық өзгерістер. 2018 жылы жобаның сәтті өтуінің көрсеткіші ретінде Қазақстанда спортпен айналысатын адамдардың саны 2017 жылға қарағанда 300 мыңға көтеріледі деп жоспаланып отыр. Дәл осы қазақстандықтардың бойында салауатты өмір салтын ұстанудың дағдылары мен принциптерін тәрбиелеу жоспарда бар», - деп атап өтті өз сөзінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі Лима Диас.

 Жоба ұйымдастырушысы Валихан Теннің айтуы бойынша, Challenge «Сенің Жаңа Қырың» бастамасы қазақстандықтарда спортпен шұғылдану әдетін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл үшін 21 күн ішінде физикалық жаттығуларға тек жарты сағат уақыт бөлу жеткілікті.

Жоба қорытындысы бойынша арнайы комиссия Қазақастан бойынша 16 жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздар 6 шілдеге жоспарланған Open Air Event шарасының құрметті қонағы болады.

 Сонымен қатар, жоба аясында мүмкіндігі шектеулі баалаларға ерекше назар аударылады. Олар үшін арнайы Алматы қаласында танымал тұлғалардың қатысуымен ұйымдастырылатын 3 оффлайн-жаттығу өткізу жоспарланып отыр.

Добавить комментарий