Ақтөбе қаласында инклюзивті білім берудің Ресурс орталығы ашылды

23/05/2018

23 мамыр Ақтөбе қаласында №1 жалпы білім беру мектебінің аумағында инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды. Арнайы білім беруді қажет ететін 18 бала енді қолайлы ортада білім алу мүмкіндігіне ие болды.

«Дара» Қоры ресурстық кабинеттің ашылуы «Samruк-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Орталықта мұғалімдермен қатар жұмыс істейтін логопед, психолог және әлеуметтік педагогтан тұратын мамандар тобы жұмыс істейді.

Ресурстық кабинет арнайы білім беруді қажет ететін балаларды жалпы білім беру мектептерінің оқыту жүйесіне тиімді енгізу үшін қажет.

Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы – бұл төрт бөліктен тұратын қазіргі заманға сай өзіндік ерекшелігі бар кабинет: ата-аналардың мамандардан кеңес алатын орны, баланы сабақтан тыс уақытта сергіту орны, мұғалімдер мен мамандардың топпен жұмыс жасау орны және жеке сабақтар алу аймағы.

Орталықтың ресми ашылу салтанатында Ақтөбе облысының білім басқармасының және "Дара" қорының өкілдері, "Казақойл Ақтөбе" ЖШС өкілі Гаухар Борашева, инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған жобаның пилот нұсқасын жүзеге асыруға ат салысып жатқан қалалық мектептердің директорлары қатысты.

Шара барысында қонақтар инклюзивті сыныптың сабағына қатысып, балалармен және мектеп ұжымымен танысты.

Естеріңізге сала кетсек, мұндай орталық Астана қаласында да ашылған болатын. Қажетті жабдықтармен қамтылған Ресурстық бөлмелердің ашылуының арқасында, мектептегі барлық санаттағы балаларға сапалы қолдау көрсету мүмкіндігі пайда болды.

Comments are closed.