Samruk-Kazyna Trust Еуразиялық Медиа Форум аясында журналистерге арналған тегін шеберлік сабақтар өткізеді

21/05/2018

22 мамыр Алматы қаласында Еуразиялық Медиа Форум аясында  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен бірқатар тақырыптық шеберлік сабақтар сериясы өткізіледі.

БАҚ-ң қарқынды дамуы мен жаңалықтарды жариялаудың үнемі өзгеріп отыратын үрдісі дәуірінде трендте қалып, жаңа бағыттарға бейімделу маңызды болып табылады. Осы фактілерді ескере отырып, Қор қазақстандық журналистер үшін шеберлік сабақтарды ұйымдастыруды қолға алды.

Сейсенбі күні шақырылған сарапшылар шеберлік сабақтарының барысында қазіргі заманғы журналистиканың ең өзекті мәселелерін қамтиды. Оларға, «Қауіпті аймақтардан репортаж жүргізу», «Пост-шындық уақытындағы БАҚ этикасы», «БАҚ-ты жалғыз жүргізу. Цифрлық БАҚ дәуіріндегі конвергентті журналистика», «Мобильді журналистикадан виртуалды әлеуметтік шындыққа» және т.б. мәселелерді жатқызуға болады.

Шеберлік сабақтарға «Hashtag our stories» компаниясының негізін қалаушы Юсуф Омар (Ұлыбритания), әскери корреспондент Шахида Якуб (Ұлыбритания), халықаралық журналист Тира Шубарт (Ұлыбритания), «New Eastern Europe» журналының бас редакторы Ивона Райхардт (Польша), ғалым-саясаттанушы, Александр Квасьневскийдің «Amicus Europea Foundation» Қорының өкілі Бартош Рыдлиньский (Польша), Select Communication Group медиа-менеджері Виктор Елисеев (Қазақстан), CNN телеарнасының халықаралық жобаларының шығарушы редакторы Райан Смит (Ұлыбритания), журналист, «Еуропа мен Орталық Азиядағы БҰҰ-әйелдері» құрылымының қоғаммен байланыс координаторы Гизем Ярбил (Түркия) қатысады.

  Еуразиялық Медиа Форум 15 жыл бойы саясат, экономика, әлеуметтік мәселелер және БАҚ саласындағы халықаралық сарапшыларды біріктіреді. Бүгінгі таңда форум Америка, Еуропа және Азияның өзекті мәселелері мен соңғы жаңалықтарын талқылауға арналған әлемдік деңгейдегі алаң болып табылады.

Comments are closed.