Қазақстандық оқушылардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылықтары артуда

21/05/2018

Астанада «Өмірлік таңдау» жобасының аяқталуы бойынша жұмысшы мамандықтарды дәріптеу форумы өтті. Жоба «Пресс Центр Азия» ҚҚ және  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен ұйымдастырылды.

2017 жылдың аяғында Қазақстанда «Өмірлік таңдау» жұмысшы мамандықтарды дәріптеу жобасы іске қосылды. Мұндай жобаны жасау қажеттілігі бұрыннан бері болды, өйткені, өкінішке орай, өндірісте жұмыс істеуге ұмтылатын жастардың саны шамалы, ал зауыттар, құрылыс компаниялары және өндіруші кәсіпорындар персоналдың жетіспеушілігіне жиі шағымданады.

Сондықтан «Өмірлік таңдау» жобасының ұйымдастырушылары  ең алдымен мектеп оқушыларының арасында жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылықты арттыруды басты мақсат етіп қойды. Жоба алдында және соңында мамандардың жүргізген сауалнамаларының нәтижесінде  оқушылардың жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығы 30%-дан 35%-ға дейін өскен.

Баланың болашақ мамандық таңдауына ең алдымен, ата-ана үлкен ықпал етеді. Сондықтан жұмыстың арнайы бір бөлігі ата-аналар үшін жүргізілді. Тренингтерге қатысқаннан кейін баласының жұмысшы мамандықты таңдауымен келіскен ата-аналардың саны да 5%-ға өсті.

 «Қазақстанда осымен бірнеше ай бойы жастарға арналған тренингтер жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда түлектердің көбі жұмысшы мамандықтардың қыр-сырын білмей жатып, таңдауын гуманитарлық мамандықтарға тоқтатады. Сондықтан біз 36 мың оқушы мен олардың ата-аналары үшін арнайы жұмысшы мамандықтардың құндылығы мен маңыздылығын түсіндіру мақсатында тренингтер ұйымдастырдық», - деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының басқарушы директоры-ресми өкілі Лима Диас.

Сонымен қатар, Форум аясында ұйымдастырушылар «Жобаның үздік тренері» байқауының қорытындысын жариялады. Байқау нәтижесінде 5 үздік тренер Ресей Федерациясының Санк-Петербург қаласындағы «Иматон» Практикалық психология институтында кәсіптік бағдардан өту мүмкіндігін ұсынатын сертификаттармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары: Момбаева Қаракөз (Шымкент қ., №30 ЖОБМ), Машар Ақалтын Сидағалиқызы (Актобе қ., №16 ЖОБМ), Андирова Айман Амандыковна (БҚО, Қаратөбе ауданы, Мухит ЖОБМ), Кенджебаева Мира Орынбасаровна (Маңғыстау облысы, Актау қ, №30 ЖОБМ), Серимбаева Данна Төлеубаевна (Павлодар қ., №19 ЖОБМ).

Comments are closed.