Қазақстанда ресми қазақ тілін үйренуге арналған портал әзірленді

15/05/2018

«Samruk-Kazyna Trust» Мемлекеттік тілді тамыту қорымен дайындалған «Resmihat.kz» жаңа жобасын қолдады.

15 мамырда Астанада мемлекеттік тіл мәртебесін дамытуға және жақсартуға бағытталған екі жаңа жоба таныстырылды. Олардың бірі - «Resmihat.kz» онлайн-порталы - қазақстандықтарға ресми және бизнес-стильді зерделеудің қыр-сырын түсінуге мүмкіндік береді.

 «Resmihat.kz» ақпараттық-анықтамалық порталының мақсаты - қызметкерлерге іскерлік әкімшілік және мемлекеттік басқаруда қолданылатын мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмысын сапалы жүзеге асыруды үйрету.

Жобаның жүзеге асырылуы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен мүмкін болды.

 «Samruk-Kazyna Trust» Мемлекеттік тілді дамыту қорымен 2013 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Өздеріңіз білетіндей, 2025 жылға дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құжат айналымы мен құжаттарды басқару қазақ тілінде жүргізіледі. Менің ойымша біздің бірлесіп іске қосып жатқан «Resmihat.kz» порталы тіпті қазақ тілін білетін адамдар үшін де үлкен қолдау болмақ», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Лима Диас.

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев өз сөзінде «Resmihat.kz» онлайн порталының ресми құжаттарының мәтіндерінде өзіндік ерекшеліктері бар екенін атап өтті. «Мәтіндердің айырмашылығы олардың жұмыс істеу ерекшелігіне байланысты: тіл құрылымдарының тұрақтылығы, арнайы терминологиянық қанық болуы, сөздік қордың бейтараптылығы, құжаттардың жекелеген топтарының мәтіндерінің құрылым біркелкілігі. Сайтты құрастыру барысында біз осы ерекшеліктерді ескеруге, тілдің ресми стилінің ерекшеліктеріне байланысты білім беруге және қазақ тілінде іскерлік құжаттарды дұрыс толтыруды үйретуге тырыстық», - деді Азат Шауеев.

Comments are closed.