Астана қаласында «Замандас» отбасылық аула клубы ашылды

13/04/2018

Астана қаласында «Замандас» отбасылық аула клубының ашылу рәсімі өтті. Клубта көп балалы және аз қамтылған отбасының балалар тегін қосымша білім алып, шығармашылық қабілетін жетілдіре алады.

Бүгінгі таңда отбасылық аула клубтары отбасымен жұмыс жасаудың иновациялық үлгісі болып табылады. Оның білім беру, психологиялық қызмет көрсету арқылы балалар мен үлкендердін бос уақыттарын тиімді өткізуіне көмегі тиеді. Астанада бүгінгі таңда 1000-ға жуық бала тегін клубтағы үйірмелерге қатысса, жыл сайын 400 ата-ана клубтағы психологтардын қызметін пайдаланады. Бұл жұмыстар ата-анамен баланың арасындағы байланысты нығайтып, жеке басының өсуіне жағдай туғызады.

 «Біздің ашылғанымызға 8 жыл болды, бүгінгі таңда 3 аула клубы жұмыс істейді. Біздің жоба – ҮЕҰ, «Samruk-Kazyna Trust» қоры және үкімет тарапының басын қосып, бірлесіп іске асырылып жатқанымен бірегей. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларымен, әсіресе, қазір көп көңіл бөлуді қажет ететін балалар және жас өспірімдермен жұмыс жасаймыз»- дейді Ляззат Алшинова, «Замандас 21» Қоғамдық қорының басшысы

Ляззат Елубайқызының айтуынша, бүгінгі таңда балалардың би, ушу, каратэ, авиамодельдеу және т.б. үйірмелерге қатысуына мүмкіндік бар. Клубта барлығы 19 үйірме жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, «Замандас 21» Қоғамдық қорының басшысы «Бақытты отбасы» клубының 8 жылдық жұмысының тәжірибесімен бөлісті.

 «Жобаның басты мақсаты – ата-аналармен жұмыс. Біз «Бақытты отбасы» ата-аналар клубында психологиялық кеңес береміз. Ата-ананың баламен қарым-қатынасын нығайтуына үйретеміз, сондықтан клубта болып жатқан шараларға қатысуына мүмкіндік береміз»- деді Ляззат Алшинова.

Жоғарғы санаттағы психолог Наталья Семененко «Бақытты отбасы» клубы туралы нақтырақ айтып берді. Өзінің сөзінде: «Қазақстандағы отбасыларға «Бақытты отбасы» ата-аналар клубының үлгісі үйдегі қарым-қатынасты нығайту мақсатында көптеген тәрбиелік мәні зор жұмыстар жүргізеді. Біз осы уақыт ішінде көп жетістіктерге де жеттік. Осы клубқа келгеннен бері ата-ана мен бала қарым-қатынасындағы оқиғаның 65% жағдайында оң өзгерістер байқалып, көптеген отбасыларда психологиялық климат едәуір жақсарды» - деп бөлісті психолог

 «Бақытты отбасы» клубына қатысып жүрген аналар да өз ойларымен бөлісті. Олар бұл жұмыстың нәтижесі бар екен атап өтті.

Сонымен қатар шара барысында, «Замандас 21» ҚҚ және «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар одағы» арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

Comments are closed.