ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» жаңа сайтты іске қосты

20/03/2018

Көктемтің шуақты мерекесі қарсаңында «Samruk-Kazyna Trust» қоры жаңартылған ресми сайтты іске қосты

Біздің жаңа ресми сайтымыз өз жұмысын бастады. Оның дизайны толығымен өзгертіліп, сайт бұрынғыдан да заманауи және функционалды бола түсті.

Ақпараттық порталды жаңартуда көздеген басты мақсатымыз - оны оңтайландырып, пайдалануды ыңғайлы ету.

Мұнымен қоса, сайттың жаңа нұсқасында өтініш беру функциясы пайда болды. Енді Қормен серіктес болғыңыз келсе небәрі бірнеше әрекет арқылы тиісті құжаттарды тіркеп, бізге өтініш жолдай аласыз.

Және пайдаланушылардың ыңғайлығы үшін біз көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы нұсқаны қостық. Оның көмегімен қаріптің тиісті өлшемін таңдап, артқы фонның ыңғайлы түсін және суреттердің параметрін өзгерте аласыз.

Бұдан бөлек, әлемнің кез-келген жерінен қол жетімді ақпаратты алуға мүмкіндік беретін сайттың мобильді нұсқасы бар.

Добавить комментарий