«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жаңартылды
20/03/2018
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының Қамқоршылар кеңесі өзгертілді.
3 наурызда өткен «Самұрық-Қазына»АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысында Әлішер Пірметовты «Samruk-Kazyna Trust» Қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы етіп тағайындау шешімі қабылданды.
Сонымен қатар, Басқарма шешімі бойынша Дархан Қалетаев, Қуаныш Сұлтанов және Ұлан Тәжібаев Қамқоршылар кеңесінің мүшесі қызметінен босатылды. Кеңестің қалған екі мүшесі Гүлнар Иқсанова мен Нұрлан Оразалиев одан әрі өз қызметін жалғастыратын болады.
Анықтама
Әлішер Пірметов 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап «Самұрық-Қазына» Қоры хатшылығының жетекшісі – басқарушы директоры болып қызмет атқарады. Жаңа қызметке дейін Әлішер Хабибуллаұлы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ әкімшілік сұрақтар және қаржы бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары, ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы, ҚР Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.
1994 жылы «инженер-экономист» мамандығы бойынша Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын және 2008 жылы «заңгер» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдады.
Добавить комментарий