«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының жылдық қорытынды есебі жарыққа шықты

20/03/2018

Жылдық есепте Қордың Қазақстан бойынша қайырымдылық жоба әкімшілерімен бірлесіп жүзеге асырған ауқымды жобалары және олардың нәтижелері көрсетілген.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры 2017 жылы жүзеге асырған Қайырымдылық бағдарламасының қорытынды есебін дайындады. Есепте атқарылған жұмыстардың нәтижелері, Қазақстан бойынша қайырымдылық жоба әкімшілерімен бірлесіп жүзеге асырған ауқымды жобалар көрсетілген.

2018 жылдың 3 наурызында «Samruk-Kazyna Trust» қорының жылдық есебі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасымен мақұлданған соң Директорлар кеңесінің қаралымына жолданып, енді көпшіліктің назарына ұсынылып отыр.

2017 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жалпы сомасы 14 950 000 теңгені құраған 64 жобаны жүзеге асырды. Қаржыландыру 5 бағыт бойынша жүргізілді:

- әлеуметтік және медициналық сектордағы қоғамдастықтар мен адамдарға көмек көрсету;

- медиа, мәдени қоғамдастық пен адам әлеуетін дамыту;

- ұлтаралық және еңбек қатынастарын дамыту, қоғамның тұрақты дамуына бағытталған инвестиция.

- жергілікті және бизнес бастамаларды қолдау;

- әлемдік кәсіби спорт аренасында «Астана» имиджін алға жылжыту.

Ыңғайлы болу үшін қорытынды есеп бірнеше бөлімдерге бөлінген.

«Қамқорлық» бөлімінде қоғамды әлеуметтік қорғау бағытындағы жобалар жайында баяндалса, «Серпін» бөлімінде жаңа белестерді бағындыруда жаңа мүмкіндіктерді ұсынатын жобалармен таныса аласыз. «Даму» бөлімінде қазақстандықтардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер ұсынған жобалармен және соңғы «Қозғалыс» бөлімінде бұқаралық спортты дамытуда жүзеге асырылған жобалардың нәтижелерімен таныса аласыз.

2017 жылы әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры атаулы көмектен әлеуметтік инвестицияларға көшіп, қайырымдылыққа деген көзқарасты реформалауда алға қойылған мақсатты жүзеге асырғанын айта кеткен жөн.

Қордың 2017 жылғы қызметі туралы Қорытынды есепті осы сілтеме бойынша немесе Құжаттар одан әрі Есеп бөлімінен жүктей аласыз

Comments are closed.