ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Өз ісіне шынайы берілген азаматтар туралы әлеуметтік бейнеролик жарыққа шықты

01/03/2018

«Samruk-Kazyna Trust» қоры серіктестерімен бірлесе отырып өз ісіні шынайы берілген қазақстандық азаматтар туралы әлеуметтік бейнеролик түсірді.

Бейнероликтегі кейіпкерлердің бірі - Жанар Рамазанова. Ол Астана қаласындағы аула клубтарына келетін балаларға музыкадан сабақ береді. «Музыка адам жанын емдейді, тәрбиелейді, өмірдегі жақсылыққа сеніп, алға қарай талпынуға мүмкіндік береді. Қысқаша айтқанда мен балаларға музыка үйретемін, олар мені өмірге үретеді», - дейді Жанар.

Екінші кейіпкер – Андрей Пархоменко волонтерлікті әлемге деген жаңа көз қарас деп санайды. Ол бос уақытының барлығын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсетуге арнайды. «Ардагерлерге келіп жай ғана әңгімелесудің өзі олар үшін өте қымбат. Кейде ардагерлерге келіп, азық-түлік әкелген кезде олар бізден: «Ал бүгін қандай мереке?», - деп сұрайды. Сол кезде бізге ешқандай мерекенің жоқ екенін түсіндіру өте қиын», - дейді жас волонтер.

Бейнероликте әртүрлі 4 кейіпкердің тағдыры бейнеленген. Олар өз ісін сүйетін және таңдаған бағытында нық жүретін шынайы қалпында көрсетілген. Әр оқиғаның артында көмек пен қолдау алған мыңдаған тағдырдың көрінісі бар. Ол мұғалім мен оқушы, дәрігер мен ата-ана, және біздің қымбатты ардагерлеріміз.

Кейімкерлердің мінезін ашып, олардың мақсатын көрсететін деректі фильмдегі азаматтар әртүрлі болғанымен, барлығын қоғам мен елге пайдалы болу ниеті ортақтастырады.

Бұл бейнеролик «Samruk-Kazyna Trust» қорының өткен жылғы жұмыстарының қысқаша қорытындысы. Алайда бұл Қордың жүзеге асырған жобаларының тек шағын бөлігі. 2017 жылы Қор бүкіл ел бойынша 300 мыңнан астам адамды қамтитын 64 қайырымдылық жобаны жүзеге асырды.

Добавить комментарий