Қазақастан бойынша 100 түзету мектебі арнайы құрал-жабдықтармен қамтылды

23/02/2018

15 мың бала білім алып жатқан, 100 түзету мектебінің арнайы құрал-жабдықтары жаңартылды. Мамандардың айтуынша бұл білім сапасын жақсартып, балалардың қоғамда әлеуметтенуін тездетуге мүмкіндік береді.

«Алдағы 5-10 жылдың ішінде қазір осы мектептерде білім алып жатқан 15 мың бүлдіршін ол –  болашақта 15 мың ересек адам және біз олардың қоғамның толыққанды мүшесі болатынына сенеміз. Бірақ бұған орта білім деңгейінде ғана назар аудару көздеген мақсатқа жетуге көмектеспейді. Мектеп бітіргеннен кейін балалардың орта-кәсіби білім және жоғары білім алғандары өте маңызды. Десе де, ерекше балаларды барлық колледждер мен университеттер қабылдауға дайын емес. Бұл жоба білім беру жүйесідегі ауқымды өзгерістерге тек негіз болып табылады және біз білімімізді, тәжірибеміз бен күш-жігерімізді біріктіру арқылы балаларға жақсы өмір қамтамасыз ете аламыз деген үміттеміз»,- деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Лима Диас.

Лима Диастың айтуынша, жұмсалған күш-жігер мен қаржы ресурстары балалар мен мектептерге қажетті көмек көлемінің 15% -ын ғана жапты.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 100 түзету мектебінен бөлек 39 арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 13 оңалту орталығы, 173 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері және 68 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес бар.

  «Samruk-Kazyna Trust» Қорының көрсеткен көмегін бағаламау мүмкін емес. Қор жабдықтаған арнайы мектептердегі құралдар – білім алушылардың оқу үрдісінде сөйлеу және қимыл-қозғалыс бұзылушылығын түзетіп, есте сақтау қабілетін, зейінін және сенсорлы моторикасын дамытуға көмектеседі», - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Зейнеп Махсутова.

Comments are closed.