Елорда тұрғындары Астана қаласының бүлдіршіндеріне 100 жаңа жылдық сыйлық жинады

08/01/2018

29 желтоқсан күні Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Samruk-Kazyna Trust Қоры «Сенемін» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияның қорытындысы бойынша Астана қаласының 100 бүлдіршіні Жаңа жылдық сыйлықтар алды.

Жаңа жылдық сыйлықтар – бұл сыйлық беруші мен оны алушылар үшін үлкен қуаныш. Қысқы мерекеге қарсы «Хан Шатыр» ОСО-да өткен қайырымдылық акциясына қатысушылар өз қолымен балаларға арнап сыйлық жинау мүмкіндігіне ие болды.

«Акцияның ережесіне сай кез-келген келуші балаларға арнап өз сыйлық дорбасын жинай алды. Біз арнайы ойыншықтар, түрлі кітаптар және жемістер дайынадық. Қатысушыларға көбінесе сыйлықты өз еркімен жинау ұнады, яғни арнайы бір бала үшін өзінің көз-қарасына қарай кітап, тәттілер және тағы басқа заттарды жинады. Әр қатысушы сыйлық дорбасынының қасына тілек хат жазды. Хаттар «Құрметті дос! Мен ... сенемін», - деп басталды. Бұл көзқуантарлық және жанға жылулық сыйлайтын акция болды болды!», - деп Қордың менеджері - Исабекова Әсем өз ойымен бөлісті. 

Сыйлықтар туберкулезге қарсы диспансердегі балаларға, церебралды сал ауруына шалдыққан баларға арналған «Балапан» ерте араласу орталығының бүлдіршіндеріне және Астана SOS Балалар қалашығының тәрбиеленушілеріне табысталды.

Барлығы 100 қатысушыдан – 100 сыйлық дорбашасы жиналды. Жиналған сыйлықтар сол күні балаларға табысталып та үлгерілді.

Акцияның «Сенемін» деп аталуы 2017 жылдың 24-25 ақпан аралығында «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ұйымдастыруымен өткен Корпоративтік қайырымдылық Форумына байланысты аталды.

«Samruk-Kazyna Trust» Қоры «Сенемін» акциясының өтуіне қолдау білдірген «Хан Шатыр» ОСО мен «Marwin» дүкендер желісіне алғыс білдіреді. 

Comments are closed.