Астанада тұңғыш рет жас журналистерге арналған республикалық жүлде табысталды

Астанада «Жас Медиа» республикалық жас журналистерді қолдау жобасы қорытындыланды. 2017 жылдың 22 желтоқсан күні «Қазмедиа орталығында» «Жас Медиа» республикалық жас журналистер форумы өтті.

Форумның басты жаңалығы – 100 мың теңге көлеміндегі тұңғыш жас журналистерге арналған республикалық жүлденің берілуі. «Zhas Media» - Қазақстан аймақтарындағы жас журналистерді қолдау бойынша бірегей жоба. Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдауымен «Менің Елім» аймақтық әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Қазақстан жастарының конгресі» ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Форумға Айгүл Мүкей, Санди Сұлтан, Гүлназ Ауданбаева, Асхат Садырбай, Руслан Идрисов, Марина Бейсехан сияқты танымал журналистер және тележүргізушілер, «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов, «Samruk Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Лима Диас және «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Айдын Сәбитов қатысты.

Медиатұлғалар еліміздің әр түрлі облыстарынан жиналған қатысушыларға журналистика бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Премияның салтанатты кешінде ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты және 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева, жоба медиатренерлері Санди Сұлтан және Гүлназ Ауданбаева, сонымен қатар республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары премия лауреаттарын дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

«Жас Медиа» жобасының мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, аймақтық жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмек көрсету, жастардың әлеуметтік белсенділігі арқылы жергілікті жерлердегі азаматтық қоғамды дамыту, жас журналистердің өз жобаларын жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастыру және жастардың  пайдалы әлеуметтік қабілеттерін жетілдіруге қолдау көрсету.

 «Жас Медиа» жобасы 3 кезеңнен тұрады: іріктеу кезеңі, ұйымдастырылған аймақта 4 күндік медиамектеп және «Жас Медиа» жастар журналистикасының республикалық форумы. Жобаға барлығы БҚО, ОҚО, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар, Алматы облыстарынан барлығы 300-ден астам қатысу өтінімдері түсті; олардың 180 медиамектепке іріктелініп, әр облыстар тек бесеуі ғана Премиямен марапатталды.  

Пікір үстеу