Батыс Қазақстан облысындағы «Менің елім» бағдарламасының 2017 жылғы аралық қорытындысы

11/12/2017

«Менің Елім»бағдарламасы бойынша БҚО-да 7 спорт және ойын алаңы салынып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар, 20 жалпы білім беретін мектеп, есту,көру және ақыл-есінде кемістігі бар балаларға арналған 3 түзету мектебі арнайы құралдармен қамтамасыз етілді. Өңірдегі барлық 3 түзелту мектебі де арнайы жаңа құралдармен жабдықталды.

Осы сынды атқарылған жұмыстардың бірқатарын Орал қаласының тұрғындары мен БАҚ өкілдері 11-ші желтоқсан күні өткен баспасөз турының барысында тамашалай алды. 2017 жылы Батыс Қазақстан облысында "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан "Менің Елім" бағдарламасы бойынша 3 жоба іске қосылды. Аталмыш жобалар облыс әкімдігінің қолдауымен іске асырылып жатыр. 

Жоба операторы - "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры. «Біз «Менің елім» бағдарламасы сіздердің өңірлеріңіздің дамуының  жаңа құрылымдық кезеңі болады деген үміттеміз», - деп атап өтті Қордың ресми өкілі – Басқаруышы директоры Лима Диас.  

Жалпы білім беретін мектептерді спорттық құралдармен жабдықтау үшін облыста "Биіктерге бірге" үздік спорттық жоба байқауы өткізілді. Облыстың әр мектебі аталмыш байқауға өтінім білдіріп, іріктеу қорытындысы бойынша 20 жеңімпаз мектеп анықталды. 11-ші желтоқсанда жеңімпаз мектептер баспасөз турының аясында жаңа спорттық құралдар алуға берілетін сертификаттармен марапатталды.        

 «Samruk-Kazyna Trust» Қоры біздің өңірге үлкен қолдау көрсетті, бұл спортпен шұғылданатын барлық жастар үшін, балалар үшін үлкен мүмкіндік. Облыстың 60 мектебінің 20-сы жеңімпаз атанып, спорттың барлық түрімен айналысуға мүмкіндік беретін құралдармен қатылды. Бұл шын мәнінде мемлекеттің өз азаматтарына деген үлкен қамқорлығы. Біз жастарымыздың жан-жақты дамуы үшін барлық мүмкіндіктердің болғанын қалаймыз», - деп атап өтті облыс әкімі |Алтай Көлгінов. 

Олардың қатарында: «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ, «Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ және «Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернат кешені» КММ.

Сонымен қатар, спорт және ойын алаңдарының да салтанатты ашылу рәсімі өтті. Олардың бесеуі Орал қаласында және екі алаң Зашаған елді-мекенінде орнатылған. 

Comments are closed.