Астана қаласы туберкулезге қарсы диспансерінің оқу сыныптары мен ойын бөлмелері жаңа жабдықтармен қамтылды

06/12/2017

Қазақстан Республикасының Жеңіл Атлетика Федерациясы «Samruk-Kazyna Trust» Қорымен бірлесе отырып туберкулезге қарсы диспансердің балалар бөліміне қайырымдылық көмек көрсетті. Оқу сыныбы мен ойын бөлмелері жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

40 орындық Астана қаласының «Туберкулезге қарсы диспансері» МКМ-де туғаннан 18 жасқа дейінгі балалар ем алады. Балаларды туберкулезден емдеу олардың ұзақ уақыт бойы стационарда, отбасы мен мектептен бөлініп ем алуына алып келеді.

Мұнда тиімді ем алудан бөлек, балаларға стационарда ыңғайлы орта қалыптастыру өте маңызды. Себебі, емдеу процесі баланың дамуы мен білім алуына кедергі жасамауы керек.

Осыған байланысты, туберкулезге қарсы диспансерде ұзақ уақытты емделу курстарына қарамастан балалар оқу процесін үзбейді. Емханада 1-ден 11-ші сыныпқа дейінгі мектеп бар.

ҚР Жеңіл Атлетика Федерациясы «Samruk-Kazyna Trust» Қорымен бірлесе 

отырып, туберкулерзге қарсы диспансердің балалар бөліміне оқуға қажетті компьютер, интерактивтік тақта, жан-жақты проектор, ноутбук сияқты қажетті құралдарды табыстады. Сонымен қатар балалар ойын бөлмесі де қажетті құралдармен жабдықталды. Енді кішкентай ем алушыларда швед тақтайшасы, шарлы бассейн, балалар лобиринті, батут, сырғанақ және конструкторлары бар.

 «Әрине, мұндай көмек балаларға өте ыңғайлы жағдай жасайды. Бұл кішкентай баланың дамуына да, оның көңіл-күйінің көтеріңкі болуына да, оның ауру кезеңінің уақытша екендігіне деген сенімін арттыра түседі. Бала өзінің ұзақ уақыт бойы емханада жатуын өмірінің ауыр кезеңі деп түсінбеу керек, керісінше емделу,сабақ оқу, ойын ойнауды сияқты дүниелерді қамтитын уақытша кезең деп ұғу керек», - деп атап өтті Астана қаласы туберкулезге қарсы дипансерінің бас дәрігері Анна Цепке. 

Comments are closed.