Ақтөбе облысында «Менің Елім» бағдарламасының аралық нәтижелері қорытындыланды

27/11/2017

27-ші қараша Ақтөбе облысында «Менің Елім» бағдарламасы жұмысының аралық нәтижелері қорытындыланды. Бағдарламаның алғашқы нәтижелеріне Ақтөбе және Қандыағаш қалаларында орнатылған 7 спорттық ойын алаңын,50 жалпы білім беретін мектептің еуропалық сападағы спорттық құралдармен жабдықталуын және облыстың 4 тузету мектебінің арнайы құралдармен жабдықталуын жатқызуға болады.

Жалпы білім беретін мектептерді спорттық құралдармен жабдықтау үшін облыста "Биіктерге бірге!" үздік спорттық жоба байқауы өткізілді. Облыстың әр мектебі аталмыш байқауға өтінім білдіріп, іріктеу қорытындысы бойынша 50 жеңімпаз мектеп анықталып алынды. 27-ші қарашада жеңімпаз мектептер баспасөз турының аясында жаңа спорттық құралдар алуға берілетін сертификаттармен марапатталады.        

«Биіктерге бірге!» байқауы бойынша жеңімпаз мектептерге спорттық құралдар алуға берілетін сертификаттарды табыстау рәсімі Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтті.

«Елбасымыздың берген тапсырмасында барлық мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдар өскелең ұрпақтың спортпен айналысуына жағдай жасау керек делінгенін білеміз».  Сондықтан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына атқарған жұмысы мен балаларымыздың спортпен айналысуына жасап жатқан жағдайы үшін алғыс білдіремін», - деді өз сөзінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

«Биіктерге бірге!» байқауына барлық облыс мектептері қатысуға мүмкіндігі болды. Біздің облыста 400-ге жуық мектеп бар. Олар өз жобаларының видео және слайд түріндегі нұсқасын жіберу арқылы байқауға қатысты. Мектептердің 

спорттық құралдармен жабдықталуы қазіргі таңда өте маңызды. Бұл салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, баланың бойында көшбасшылық, тұрақтылық және табандылық сияқты қасиеттерді дарытады. Біз барлық ата-аналардың, мектеп әкімшілігі мен оқушылардың атынан «Самұрық-Қазына» қорына алғыс білдіреміз», - деп атап өтті өз сөзінде Ақтөбе облысының білім басқармасының жетекшісі Ләззат Оразбаева.

Өңірдегі барлық 4 түзелту мектебі де арнайы жаңа құралдармен жабдықталады. Олардың қатарында: «№7 Арнайы мектеп» КММ, «Есту қабілеті төмен балаларға арналған Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж» КММ, «Психологиялық дамуында ауытқушылықтары бар балаларға арналған облыстық мектеп-бақша» КММ және «Ақтөбе облысының Жайсан арнайы білім беру ұйымы» КММ.

«Менің Елім» бағдарламасының аясында бұдан басқа бес спорттық және ойын алаңы Ақтөбе қаласында және екі алаң Қандыағаш қаласында орнатылды. Бүгінгі күні, барлық жеті алаң жергілікті атқарушы органдардың балансына өтті. 

Аралық нәтижелерді қорытындылау үшін Ақтөбеде баспасөз туры ұйымдастырылды, оның барысында журналистер жоғарыда аталған барлық нысандарды аралап, жасалған жұмыстарды өз көздерімен бағалай алды.

Comments are closed.