Астана қаласының жаңа спорт мектебінде балалар тегін сабақтарға қатыса алады

09/11/2017

Ильинка тұрғын ауданының Беғазы-Дәндібай,31 мекенжайында ашылған жаңа «Нұрал» спорт мектебінде балалар тегін үйірмелер мен қосымша сабақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Үйірмелердің қатарында киокушинкай каратэ, дзюдо, джиу-джитсу тхэквондо, бокс, шахмат және тоғызқұмалақ  бар. Жалпы аумағы 1000 ш.м асатын спорт мектебі Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының әлеуметтік серіктесі - «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ашылды.

«Бұл өте қуанышты оқиға. Осындай үлкен аумақты алып жатқан спорт мектебін ашу Ильинка тұрғындары үшін өте маңызды. Бұл оңай жұмыс емес, сондықтан  осы мектептің ашылуына ат салысқан барлақ серіктестерге алғыс 

білдіреміз. Бұның барлығы өсіп келе жатқан ұрпақ үшін, олардың болашағының жарқын болуы үшін жасалып жатыр», - деді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диастың айтуынша, бұл спорт мектебін ашудың басты шарты барлық қызығушылық танытқан балалардың тегін сабақтарға қатыса алу мүмкіндігінің болуында еді. «Мұнымен қоса қор бұған дейін де федерация тәрбиеленушілерінің Франция және Японияда болатын чемпионаттарға баруына қолдау көрсетті» - деді қордың ресми өкілі Лима Диас.

Comments are closed.