ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Жас журналистерді қолдау жобасы Шымкент қаласында өз жұмысын аяқтады

02/11/2017

Оңтүстік Қазақстан облысында 30 қазан мен 2-ші қараша аралығында «Жас медиа» жастар арасында жуналистиканы дамыту жобасы аясындағы 4 күндік медиамектебі өз жұмысын аяқтады.

«Zhas Media» - Қазақстан аймақтарындағы жас журналистерді қолдау бойынша бірегей жоба. Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдауымен «Менің Елім» аймақтық әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Қазақстан жастарының конгресі» ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатыр.

Төрткүндік Шымкент қаласындағы медиамектепке ОҚО-дан жиналған 60-тан астам өтінім жіберген жастардың ішінен іріктелген 30 жас журналист қатысты. Журналистика бойынша семинарлар мен тренингтерді танымал тележүргізуші, «SS Lab» телелабораториясының негізін қалаушы-медиатренер Сәнді Сұлтан, «1-канал «Еуразия» тележүргізушісі Гүлназ Ауданбаева және «КТК» телеарнасының ОҚО бойынша корреспонденті Марина Низовкина жүргізді.

Төрт күн бойы медиамектеп қатысушылары шешендік өнер, сөйлеу техникасы, журналистика негіздері бойынша медиатренерлерден білім алды. Сонымен қатар, жас журналистер өздерінің медиажобаларын дайындап, оны  ресми жабылу рәсімінде қазылар алқасының қарауына тапсырады. Үздік жоба 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық 

пен «Жас Медиа» Республикалық жас журналистер форумына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

«Мен арнайы осы жоба үшін Мақтыарал ауданынан келдім. Жобаға арнайы сюжетімді жіберіп, іріктеуден өттім. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұл жобаға қатысу мен үшін үлкен мәртебе», - деді жоба қатысушысы Данияр Асылбек.

 «Жас Медиа» жобасының мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, аймақтық жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмек көрсету, жастардың әлеуметтік белсенділігі арқылы жергілікті жерлердегі азаматтық қоғамды дамыту, жас журналистердің өз жобаларын жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастыру және жастардың  пайдалы әлеуметтік қабілеттерін жетілдіруге қолдау көрсету.

Жоба дарынды жастардың өз армандарына жетуіне жол ашып, журналистика саласында қалыптасуға тамаша мүмкіндік болмақ. 

Добавить комментарий