Дүниежүзілік балалар күні бүлдіршіндер бизнес, үкімет және ойын-сауық индустриясын «жаулап алады»

01/11/2017

20-шы қараша күні әлемдік жұлдыздар мен жаһандық көшбасшылар ЮНИСЕФ-пен аз қамтылған балаларға қолдау көрсету үшін бірігетін болады.

Бұл күні бүкіл әлем бойынша Астанадан Нью-Йоркке дейін балалар БАҚ-та, саясатта, бизнесте, спортта және ойын-сауық индустриясында басқарушы мамандардардың орнын басады. ЮНИСЕФ-тің мәлімдеуінше бұл шара бүгінгі күні болып жатқан апаттар мен соғыстың кесірінен оқудан, қоғамнан, отбасы мен үйінен айырылған мыңдаған балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып жатыр.

Балалардың «жаулап алуы» немесе «Бастық балалар» ұранымен өткізіліп жатқан шара Бала құқығы туралы конвенцияның мерейтойы мен алғашқы Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында өтеді.

«От Окленда до Аммана и от Нью-Йорка до Нджамены мы хотим, чтобы дети проводили кампании в своих школах и сообществах во имя спасения жизней детей, борьбы за свои права и реализации своего потенциала», - сказал заместитель исполнительного директора ЮНИСЕФ Джастин Форсайт. «Всемирный день детей будет днем для детей, руками и словами самих детей».

ЮНИСЕФ-тің атқарушы директорының орынбасары Джастин Форсайттың айтуынша, Оклендтен Амманаға дейін және Нью-Йорктен Нджаменаға дейін балаларымыздың өмірін құтқару, олардың құқықтарын қорғау және өздерінің әлеуетін іске асыру үшін өз мектептері мен қоғамдастықтарында аталмыш науқанды өткізуді қалаймыз. «Бүкіләлемдік балаларды қорғау күні балалардың өздерінің қолымен және сөзімен ұйымдастырылған күн болады».

Дүниежүзілік балалар күнінің қарсаңында ЮНИСЕФ әлемдегі барлық балаларды қорқыту, қорлау, кемсіту және әділетсіздікке қарсы сөйлеуге шақырады.

Жаһандық науқанға Қазақстан да қосылады. 5-ші қарашадан бастап Дүниежүзілік балалар күніне орай алғашқы іс-шаралар ұйымдастырыла бастайды. Қазақстандық белгілі шахматшы Динара Сәдуақасова балалар арасында шахматтан блиц-турнир өткізеді. 13-ші қараша күні Назарбаев Университетінде БҰҰ-ның жанжал жағдайлардағы балалардың құқықтары туралы үлгісі туралы конференция өткізіледі.

20-21 қараша күндері Астана қаласында «Қазақстан балаларға мейірімді» деген атпен екінші халықаралық конференция өтеді. Ұйымдастырушылар: ҚР Бала құқығы жөніндегі өкілетті органының офисі, ҚР Парламент мәжілісі, ЮНИСЕФ, Орталық Азиядағы PRI (Халықаралық 

реформа) өкілдігімен және Астана қаласы Әкімдігінің «Бейбітшілік пен Келісім Сарайы» МКҚК. 20-21 қарашада «Бала-қоғам-мемлекет» атауымен Біріыңғай республикалық науқан ұйымдастырылады. Іс-шара аясында балалар мен жасөспірімдер ұйымдарымен, Парламент комитетінің жетекшілерімен, министрліктің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, өзекті сұрақтар мен ортақ жобаларды іске асыруға қатысты жағдайлар талқыланады.Бұл шаралар өңірлерде де өз жалғасын таппақ. 

Бұдан басқа, бірқатар ұйымдар науқанға қатысуға ниет білдіріп жатыр:

- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры

- Шахматшы Динара Сәдуақасова

- «Хабар» Kazakh TV телеарналары

- «Балапан» балалар телеарнасы «Қазмедиа» Медиа мектебі

- «Арман 3D» кинотеатры

- Starkids.FM  балалар радиосы

Аталмыш шараны «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры да  қолдады
Бұл күні «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма өкілдерінің балалармен кездесуі ұйымдастырылып, Заңгерлер клубы Бала құқығы туралы конвенцияны түсіндіру мақсатында «Оpen talk» өткізеді. Ал «Samruk-Kazyna Trust» қорының әлеуметтік желілері толығымен балалардың қолына өтеді.  Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде флешмоб ұйымдастырылады. Флешмобқа қатысу үшін:

 балаңызбен түскен кез-келген суретті жүктеңіз;

 отбасыңызда бала құқықтарының қалай сақталатынын және өздеріңіздің ойлап тапқан ішкі тәртіптеріңіз жайында жазыңыз.

Бірегей хештег: #KidsTakeoverKz

Толығырақ ақпарат: http://www.worldchildrensday.org/  

Бала құқығы туралы конвенция: http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/conventions/childcon.shtml

 

Comments are closed.