Қазақстанда оқушылар арасындағы ең ауқымды спартакиада басталады

26/10/2017

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша мектеп спорты халықаралық стандарттарға сай емес. Ал мектеп спорт лигалары кәсіби спорт түрлеріне байлаулы болғандықтан мектеп спорты барлық мектептерде қолжетімді емес.

Сондықтан, Қазақстанда «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасы жүзеге асырылмақ. Бүл спартакиада спортты жан-жақты дамытып, салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбиені  мемлекеттік деңгейде насихаттайды.

Осыған байланысты жобаның маңыздылығы, шарттары және өткізілу форматы бүгін пресс-брифингте талқыланды.  Шараға «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Лима Диас, «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» бас директорының орынбасары Аяшев Садық Ықыласұлы, қоғаммен байланыс және мемлекеттік органдар орталығының Басшысы Бердалин Құмар Советұлы, «SportFEST Kazakhstan» жобасының жетекші маманы Сағынбай Бағлан Есентайұлы қатысты.

«SportFEST Kazakhstan» - бұл келешек спорт чемпиондарын қолдауға бағытталған, белгілі-бір спорттық дәрежесі жоқ мектеп оқушылары арасында өтетін республикалық ауқымды  жоба. Спартакиада аймақтарды дамытуға бағытталған «Самұрық-Қазына» АҚ «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Біздің болжамымыз бойында спартакиадаға мемлекет бойынша 6000 астам оқушы қатысады деп күтілуде. Ал барлық сатылып алынған спорттық құрал-жабдықтар (футбол, баскетбол доптары, шахматтар, теннис үстелдері,тоғысқұмалақтар)  тегін негізде орта білім беретін мекемеллерге (балалар үйі, мектеп-интернаттар, спорт мектептері)  табысталады», - деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Лима Диас.

«SportFEST Kazakhstan» спартакиадасына кіретін негізгі спорт түрлері: 

- жасөспірімдер арасындағы футзалдан турнир;

- әскери спорт түрлерінен сайыс;

- шахматтан турнир;

- үстел теннисінен турнир;

- қыздар арасында баскетболдан турнир;

- тоғызқұмалақтан турнир;

8-10 сынып оқушыларына арналған республикалық турнир 180 аудан 14 облысты және Алматы мен Астана қалаларын қамтиды. Турнир үш кезеңнен тұрады:

- дайындық кезеңі;

- Қазақстан аймақтарында іріктеу кезеңінің өткізілуі;

- Щучье қаласында орналасқан «Балдәурен» кешенінде қазақстандық спорт және эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін республикалық финал;

 «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының ұйымдастырушылары: «Коммуникативті бастамалар және стратегиялар қоры» ЖҚ «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас серіктестігінің қолдауымен.

Жоба серіктестері: ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Спорт және мәдениет министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ.

 

 

«SportFEST Kazakhstan»  әлеуметтік желілерде:
https://www.instagram.com/sportfestkz/
https://vk.com/sportfestqz
https://www.facebook.com/sportfestkaz%20
http://sportfest.kz/ - ресми парақша
#sportfestME – жалпы хештег

Comments are closed.