Қайырымдылық — әр адамның өмірінің бір бөлігі ретінде
23/10/2017
К.Хабенскийдің айтуынша қор 9 жылдың ішінде 1500 астам балаға атаулы, 5007 адамға психологиялық қолдау көрсетті, 2000 астам дәрігер оқу-тәжірибелік жобаларға қатысып, 22 рет қор сегіз медициналық мекемені құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті және ауруханаларда 300-ге жуық шеберлік-сыныптары өткізілді.
21 қазан күні Астана қаласында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Константин Хабенскийдің қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, Қазақстандық қайырымдылық қорлармен және қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Астанадағы қайырымдылық секторына қатысты барлық сұрақтарға онкологиялық және басқа да ми ауруларымен ауыратын балаларға көмек көрсету Қорының негізін калаушы Константин Хабенский жауап берді.
К.Хабенскийдің айтуынша қор 9 жылдың ішінде 1500 астам балаға атаулы, 5007 адамға психологиялық қолдау көрсетті, 2000 астам дәрігер оқу-тәжірибелік жобаларға қатысып, 22 рет қор сегіз медициналық мекемені құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті және ауруханаларда 300-ге жуық шеберлік-сыныптары өткізілді.
Кездесуге Қазақстанда демеушілік және қайырымдылық көмек көрсететін 50-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Олардың арасында - «Еркін мейірімділік қоғамы» қоғамдық қоры, «Дара», «Қасиетті жол» секілді еліміздің жетекші қорлары, сонымен қатар онкологиялық және басқа да ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсететін қорлар да бар.
«Ең алдымен біздің ұжым және басқада ірі қорлар қайырымдылықтың әр адамның өмірінің бір бөлігі болғанын қалаймыз.Оны жүзеге асыру үшін қолдан келгенді жасап жатырмыз. Қайырымдылық тарихы – бұл біреу ойлап тапқан, өзгермейтін дүние емес. Иә, біреуге жақсылық жасау, көмектесу біздің әрқайсымыздың бойымызда бар. Ол мына ғажап дүние қалыптасқаннан бастап біздің бойымызға сіңген дүние. Алайда, қайырымдылық жасау механизмі күнделікті өзгеріп, дамып отырады. Ең бастысы оны жасап көру керек, ол жөнінде кеңесу керек. Адамдарды қорқытып алмай, керісінше оларды жақылық жасаудың түрлі жолдарымен қызықтыру керек. Нақтырақ айтқанда, қайырымдылық жасаудың механизмі мен түрлі жолдарды көрсету арқылы»,- деді Константин Хабенский.
Константин Хабенскийдің қайырымдылық қоры – 2008 жылдың сәуір айынан бастап, онкологиялық және басқа да ми ауруларына шалдыққан балаларға қалыпты өмірге оралуына және уақытылы қажетті медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған қор. Қор балалардың диагностика және ем алуына қаржылай көмек көрсетеді, ата-аналармен ақпараттық жұмыс жүргізеді, курстар мен тренингтердің көмегімен дәрігерлердің біліктілігін арттырады, сондай-ақ оңалту бағдарламаларын ұйымдастырады. Толығырақ ақпарат www.bfkh.ru сайтында.
Добавить комментарий