«Алтын тұлпар» жобасы сауықтыруға себеп болып жатыр

20/10/2017

Мекемелер

Науқас балаларды атқа мінгізіп серуендету арқылы емдеу халықтық медицинада ертеден бар тәсіл. Мұны қазіргі медицинаның білікті мамандары да бірауыздан мойындаған. Жылқы малы науқас бала үшін – табиғи тренажер. 

Бұл жылқының емдік қасиетінің физикалық қыры болса, екіншісі – эмоционалдық сипатта. Бала жаны жануарды жақсы көреді, онымен сөйлеседі, сырласады, салт атқа мінгенде көңілі көтеріледі.Сонымен қатар, атпен жүрген кезде балада өзіне деген сенімділік пайда болады. Ал, дәрігерлердің айтуынша, сенімділік мен көтеріңкі көңіл күй – нәтижелі ем алудың ең басты шарты боп табылады.

Жылқының мұндай емдік қасиеттері  тек БЦС ауруына ғана емес, көптеген сырқатқа шипа. Олардың қатарына – тірек-қимыл аппараттарының, сөйлеу жүйесінің бұзылуы, психиканың баяу дамуы, Даун синдромы, аутизм, остеохондроз, простатит, склероз, артроз, құяң, омыртқаның 1-2 деңгейде майысуы, жүрек-қантамыр ауруларын жатқызуға болады.

Алайда, бүгінгі таңда кез-келген адам бұл сауықтыру әдісін қолдана алмайтыны анық. Осыған орай, мүмкіндігі шектеулі балардың аталмыш емделу формасына біртабан жақын болуы үшін біздің Қор мен ҚР Ұлттық ойын түрлері қауымдастығы «Алтын тұлпар» әлеуметтік жобасын іске асырып жатыр. 

Қазіргі таңда  «Алтын тұлпар»  қайырымдылық жобасы жүйелі түрде Ақмола облысы, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатыр. 

Оңтүстік Қазақстан облысы. Денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Оңтүстік Қазақстан облыстық ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»  МКМ  аптасына екі рет 25 баладан қабылдап, бір айда 100 сырқат баланың атқа мініп серуендеуіне жағдай туғызуда.

Ақмола облысы. «Ақмола облыстық ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт мектебі» МКҚК аптасына үш рет 6 баладан қабылдап, бір айда 72 баланың атпен серуендеуін қамтамасыз етуде.

Ақтөбе облысы. Ақтөбе облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Ат спорты түрлері бойынша облыстық №10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» МКМ әзірге аптасына 7 баладан қабылдап, бір айда 28 сырқат баланың атпен серуендеуіне мүмкіндік жасауда.

 

Сауықтыру курсын өту үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар:

Мекемелер Мекен-жайы Жауапты тұлғалар мен байланыс телефондары
1 «Маңғыстау облыстық ат спорты түрлері клубы» Ақтау қаласы, Орталық   ипподромы Сүйебаев Қанағат8(701) 5265073
2 «Ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша Қайырбаев атындағы спорттық клубы» Павлодар қаласы, 1Мамыр көшесі Иманжусупов Ержан8 (701)5884342 
3 «Әулиеата» көкпар клубы Тараз қаласы, «Айшабибі» селосы Момынов Нұрдаулет    8 (702) 8065070
4 «ҚР Ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған мектеп»   Шымкент қаласы, Бәйдібек би-113  Құрманбаев Алданұр8 (701) 3386520 
5 «Көкпар федерациясы» Астана қаласы,  «Балқарағай» демалыс аймағы Самат8 (701) 7871111
6 «Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»  Көкшетау қаласы, Краснояр ауылы  Қойшин Марат8 (701) 4009329
7 Орал қаласының ұлттық спорт мектебі Орал қаласы, Асан ауылы Мырзағалиев Дастан8 (775) 3737061
8 Алматы облысының «Бәйге» федерациясы Талдықорған қаласы, қалалық ипподром Досжанов Рүстем8 (702) 7771976
9 Ақтөбе облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Ат спорты түрлері бойынша облыстық №10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»  Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылы  Төлеуов Бақтияр8 (705)3798447

Comments are closed.