«Менің Елім» бағдарламасы Қазақстанның жаңа өңірлерін қамтиды
16/10/2017
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы республика бойынша өз жұмысын жалғастыруда. Егер бағдарлама 2016 жылы Павлодар және Маңғыстау облыстарында іске қосылса, қазір Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысында іске қосылады. Сонымен қатар, 2017 жылдың соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында да бағдарлама өз жұмысын бастайды.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қатысатын тоғыз аймақ – тоғыс облыс. 2018 жылдың соңына дейін бағдарлама Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарын қамтиды.
Бағдарлама бүгінгі күні айтарлықтай маңызды нәтижелер көрсетуде.
2016-2017 жылы Павлодар облысында келесі жобалар іске асырылды:
1. 70 жалпы білім беретін мектеп австриялық өндірістің спорттық жабдықтарымен жабдықталды.
2. Есту, көру және ақыл-есінде ауытқушылықтар бар балаларға арналған 7 арнайы түзету мектебі тиісті дидактикалық және арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді
3. 15 музыкалық мектеп арнайы жабдықтармен және музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілді;
4. Павлодар қаласында 9 спорттық және ойын алаңы орнатылды. Жыл соңына дейін Екібастұз және іргелес жатқан «Солнечный» елді-мекенінде тағы 6 спорттық және балалар ойын алаңы орнатылады;
5. Павлодар облысының МЕҰ арасында арнайы шағын гранттар байқауы жүзеге асырылды. Облыстың 6 МЕҰ әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру үшін шағын грант ұтып алды;
6. Облыстағы бокс, хоккей және баскетболды дамытуға демеушілік қолдау көрсетілді;
7. Екібастұз және Павлодар қалаларының тұрғындары, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері мен қоғамдық пікір жетекшілері арасында өңірдегі негізгі проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілді.
Маңғыстау облысында:
1. 50 жалпы білім беретін мектеп австриялық өндірістің спорттық жабдықтарымен жабдықталды;
2. Есту, көру және ақыл-есінде ауытқушылықтар бар балаларға арналған 4 арнайы түзелту мектебі тиісті дидактикалық және арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді
3. Ақтау қаласында, Мұнайлы ауданының Дәулет және Маңғыстау елді-мекендерінде 6 спорттық және балалар ойын алаңы орнатылды. 2017 жылдың соңына дейін тағы 6 алаң Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалаларында және Шетпе елді-мекенінде орнатылады;
4. Жаңаөзендегі Церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығын қамтамасыз ету үшін демеушілік көмек көрсетілді;
5. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған - «ӘRЕКЕТ» Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасы жүзеге асырылды.
6. «Ileader» шетелдік еріктілермен ағылшын тілін оқыту және Облыс оқушылары арасында «Дарын» орталығында өтетін «Мектеп олипиадасы» білм беру жобалары іске қосылады.
2017 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысының 50 жалпы білім беретін мектебін спорттық және 4 түзету мектебін арнайы құралдармен жабдықтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 7 спорттық және ойын алаңының құрылыс жұмыстары аяқталады.
Өз кезегінде, 2017 жылдың соңына дейін Батыс Қазақстан облысында 7 спорттық және балалар ойын алаңдары пайдалануға беріледі, сондай-ақ облыста 20 жалпы білім беретін мектеп және Орал қаласындағы 3 мамандандырылған түзету мектебі жабдықталады.
Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың соңына дейін 50 жалпы білім беретін мектеп спорттық құралдармен жабдықталады және облыстың 12 түзету мектебі арнайы түзету құрал-жабдықтарымен қамтылады. Бұдан басқа, «Менің Елім» бағдарламасы аясында 2017 жылы Шымкентте церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған «Kzhol Shymkent» оңалту орталығы ашылды және коррекциялық кабинеттің ашылуы жоспарланып отыр.
«Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының дамуы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әлеуметтік саясатының басым міндеттерінің бірі және ең алдымен – компаниялар тобының қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басты міндеті болып табылады.
Добавить комментарий