ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Zhas Media» жобасының Орал қаласындағы тәжірибелік сабақтары өз мәресіне жетті

13/10/2017

9-12 қазан аралығында Орал қаласының Оқушылар сарайында «Zhas Media» жобасының төрт күндік медиа мектебі өтті. Жас журналистерді қолдауға бағытталған жоба «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр.

Медиамектепке «Жас Медиа» жобасының бірінші кезеңінен өткен 30 үздік үміткер шақырылды. Олар өздерінің «Менің елімде...» тақырыбындағы  жұмыстарын (эссе, фото, аудио және видео материал) байқауға жіберген болатын.  Медиа-тренерлер қатарында  танымал тележүргізуші «SS Lab» телезертханасының негізін қалаушы Сәнді Сұлтан,  «1-арна «Еуразия» жүргізушісі Гүлназ Ауданбаева және ТДК-42 телеарнасының тілшісі Қуанар Мұсағалиева болды.

Төрт күн бойы жастар шешендік өнер, сөйлей мәнері және журналистиканың негіздерінен дәріс алды. Жергілікті «Қазақстан-Орал», «ТДК-42» телеарналарының жұмысымен танысып, өздерінің медиа жобаларын әзірлеп, қазылар алқасының бағалауына ұсынды.  Медиа мектеп оқушылары қала тарихы, туған өлкелерінің көрнекті орындары жайлы сюжет түсіріп, байқаудан алған әсерлерімен бөлісті

«Сәнді Сұлтанның сабақтарына қатысып, дәріс алу менің бұрыннан бергі арманым еді. Мен Астанада тұрмағандықтан бұл мен үшін  тек арман болып қалатын. Ал осы жобаның арқасында, қазір мақсатыма қол жеткіздім деп ойлаймын. Жоба тек журналистика әлеміне жолдама сыйлап қана қоймай, өз-өзімді дамытуға үлкен мүмкіндік берді»,- дейді жобаның ең жас қатысушы Милана Иманғалиева.

Жобаның ең белсенді қатысушылар командасы Республикалық «Жас Медиа» форумына жолдама ұтып алды. Оларға форумда 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.

Естеріңізге сала кетсек, «Zhas Media» - аймақтардағы жас журналистерді қолдауға бағытталған бірегей жоба. Қазақстан жастарының Конгресі ЗТБ ұйымдастырған жоба «Samruk-Kazyna Trust» қорының "Менің елім" əлеуметтік инвестициялар бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.

Жобаның басты мақсаты жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, қоғамдық пікірді қалыптастыру үшін жас журналистер пулын құру, өңірлік жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына жәрдемдесу, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру арқылы жергілікті қоғамдастықта қоғамдық жағдайды жақсарту, жас журналистер жұмыс істеу және жеке жобаларды іске асыруына дағдыларын қалыптастыру және дамыту, сонымен қатар, пайдалы әлеуметтік дағдыларын жетілдіру. Аталмыш жоба дарынды жастардың арманын жүзеге асыруға және журналистика саласында жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий