Шаңғы жарысы бойынша ҚР Жазғы чемпионатына 100 астам спортшы қатысты

03/10/2017

Алматы маңындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешені базасында шаңғы жарысы бойынша Жазғы республикалық чемпионат өтті. Спорттың үш түрінен өткен жарысқа Қазақстанның 8 облысынан 100-ден астам спортшы қатысып, олардың арасында 12 жиынтық медаль ойнатылды.

«Бүкіл жүгіру жарыстары теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте ойлы-қырлы жерде өтті, жарыс өткен дистанциялар рельефінде тік жарлармен қатар тік еңістер болды. Барлық факторларды есепке алғанда, меніңше, жарыстың қорытынды көрсеткіштері өте жақсы. Біз белсенді жазғы жаттығулардың нәтижелерін көрдік. Енді біз Кореяда өтетін алдағы Қысқы Олимпиада ойындарын күтудеміз» – деп өзінің алған әсерлерімен бөлісті Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Александр Батяйкин.

Бірінші күні спортшылар жүгіру жылдамдығы бойынша жарысты. Әйелдер мен юниор қыздар үшін кросс қашықтығы 3 км құраса, ал ерлер мен юниор жігіттер 5 км қашықтықта жүгірді.

Әйелдер жарысында 11:30,17 қашықтықты жүгіріп өткен Ирина Быкова жеңімпаз деп танылса, жас қыздар арасында 11:50:38 уақытымен Гүлсина Қадырова бірінші орынды иеленді.

Бәсекелестерінен оқ бойы озып, 15:48,54 көрсеткішіне қол жеткізген Олжас Климин шапшаң қимылымен топ жарды. Юниорлар арасында 5 км қашықтықты жүріп өтуге 15:49,04 уақытын жұмсаған Александр Воробьев жеңімпаз деп танылды. 

Чемпионаттың келесі кезеңі 1,5 км қашықтықта коньки стилімен өнер көрсеткен шаңғыроллер спринті болды. Біліктілік іріктеу қорытындысы бойынша жүгіруге 102 спортшы қатысқан. 

Әйелдер арасында бірінші болып мәреге Анна Шевченко келіп, оның уақыты 03:43,36 құрады.  

Гүлсина Қадырова  жүгіруге 03:34,50 уақытын жұмсап,  Чемпионатта екінші алтынын жеңіп алды.

Ерлер арасында 03:05,92 қашықтықты бағындырып, Николай Чеботько жеңімпаз деп танылды.

 

Ал жастар арасында, кросс жарысындағыдай бірінші болып топ жарған Александр Воробьев, оның уақыты 03:02,77.

Жазғы республикалық чемпионат шаңғыроллерімен классикалық стильде жарысумен қорытындыланды. Бұл жарысқа барлығы 85 шаңғышы қатысты, нәзік жандылар 5 км қашықтыққа, ал ерлер 10 км қашықтыққа жүгірді. Атап өтерлігі, жүгіру кезінде ауа-райы қолайлы болмады, температура үш градустан аспай, сылбыр жаңбыр бірнеше рет қалың үлпек қармен ауысып отырды. Соған қарамастан, жарыс өте тартысты өтті, жүлдегерлер арасындағы ара қашықтық өте аз болды.

Әйелдер арасында бірінші болып Валерия Тюленова келсе, жас қыздар арасында Ксения Шалыгина жеңімпаз атанды. Ал ерлер арасында алтын медальды Константин Борцов қанжығасына байласа, юниорлар арасында мәреге бірінші болып Артем Ковалев жетті.

«Бағдарлама бойынша Чемпионаттың қорытынды кезеңі ретінде, әйелдер үшін 10 км, ал ерлер үшін 15 километрді құрайтын коньки стилімен қашықтықтан жарыс болуы керек еді, бірақ, ол түнде қалың қардың жаууына байланысты өткізілмеді. Мен классикада Константинге 8 секундқа ғана жол беріп қойдым, сол себептен осы жарыста мен бірінші орын үшін күрескім келген. Бірақ жағдай осылай болды, ауа-райы біздің жоспарымызға өзінің түзетуін енгізді. Енді біз Қазақстан Халқының Спартакиадасына дайындаламыз, ол желтоқсан айында өтеді. Жалпы бұл маусым өте жауапты, көптеген қазақстандық, қала берді халықаралық жарыстар болады, ең күрделісі ол алдағы жылдың ақпан айында өтетін Олимпиада ойындары», – дейді Ұлттық құрама мүшесі Николай Чеботько.

Comments are closed.