ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Спартакиада жеңімпаздары UEFA Чемпиондар Лигасына жолдама ұтып алды

11/09/2017

2017 жылдың 9 қыркүйегінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының V Мерейтойлық Спартакиадасы өз мәресіне жетті. Финал қорытындысы бойынша 36 қатысушы Римде өтетін Roma – Chelsea Чемпиондар Лигасының іріктеу матчына жолдама ұтып алды.

Аталмыш Спартакиада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әр салада жүрген қызметкерлерін біріктірген ең ауқымды Спартакиада болғанын айта кеткен жөн. Бұл шараға «Бір команда – бір мақсат» ұраны да кездейсоқ таңдалмады, себебі бұл корпоративтік мәдениетті дамытудағы маңызды оқиғалардың біріне айналып отыр.

Еліміздің Оңтүстігі мен Солтүстігін, Батысы мен Шығысын бірдей қамтыған Спартакиада биылғы жылы қатысушылар саны бойынша рекордтық көрсеткіштерге жетіп отыр. Іріктеу кезеңінің өзінде 88 компаниядан 145 команда тіркелді. Соның ішінде 1300 астам спортшы мен 40 астам төрешілер бар. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға барлығы 680 қатысушы келді.

Биылғы Спартакиада жаңа форматта өтті. Жыл сайын болатын спорт түрлерінен басқа (шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, армрестлинг) тізімге тағы екі спорт түрі енгізілді. Олар: стритбол және киберспорт (CounterStrike).

Командалардың жеңіске деген ұмтылысы да ерекше болды. Себебі, барлық жеті спорт түрінің жеңімпаздары  31 қазан күні Рим қаласында өтетін Roma – Chelsea Чемпиондар Лигасының іріктеу матчына жолдама ұтып алды.

Спартакиада жеңімпаздары да өз көңіл-күйлерімен қуана бөлісті:

«Қазақтелеком» АҚ байланыс-электромеханигі Ғалым Райхан: «Біз бұл жеңісімізді бас директорымызға арнаймыз. Жақында ол кісінің жары қайтыс 

болған еді. Сондықтан біз директорымыздың көңілі үшін жеңіспен келеміз деп сөз берген едік. Ұтылып қалу жоспарымызда болған жоқ».

«Біздің құрамада программистер де, жүргізушілер де, «ҚазТрансОйл» АҚ қауіпсіздік қызметінің жігіттері де бар. Мен – қойма қызметкерімін. Осы күнге дейін біздің компания барлық спорт шараларын жоғары деңгейде атқарып келді. Сондықтан біз компаниямызды ұятқа қалдыра алмадық. Осындай шараны ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз, үлкен әсер алдық», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ волейбол құрамасының жаттықтырушысы Юрий Бокаев.

«Самұрық-Қазына» АҚ Адам ресурстарын басқару бөлімінің басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Ұлан Тәжібаевтың айтуынша,  бұндай шаралардың маңыздылығын жете бағалаған жөн.

 «Әр қызметкер біздің үлкен бір отбасы екенімізді сезінулері керек. Мысалға,  «ҚазМұнайГаз» бен «Қазпошта» қызметкерлері бір-біріне бөтен емес, олардың барлығы әріптес. Ал спорт әрине барлығын біріктіре түседі. Бәсекелестіктің арқасында достық пен жеңіске деген сенім арта түседі», - деді Ұлан Тәжібаев.

Естеріңізге сала кетсек, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының алғашқы Спартакиадасы 2013 жылы өткен болатын. Ол кезде жарысқа 6 спорт түрінен 19 команда қатысып, жалпы  командалық есепте «ҚазМұнайГаз» компаниясы жеңімпаз атанды. Өткен төрт жыл ішінде 73 команда, 1800 жанкүйер мен 1445 спортшы қатысқан еді.

Ақтық ойындардың қорытындысы бойынша турнирлік кесте нәтижелері төмендегідей:

Шағын-футбол

І орын – «Қазақтелеком» АҚ (Оңтүстік аймақ)

ІІ орын –«Қазатомпром – SaUran» ЖШС

ІІІ орын – «ҚазМұнайГаз» АҚ

Волейбол

I орын – «ҚазТрансОйл» АҚ (Шығыс аймақ)

II орын – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС

ІІІ орын – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Стритбол

I орын – «КАР Technology» ЖШС

II орын – «Біріккен Химиялық Компания» ЖШС

III орын – «Қаратау» ЖШС

Киберспорт

І орын – «Таукен – Самұрық» ҰТК» АҚ

ІІ орын – «Богатырь Көмір» ЖШС

ІІІ орын – «ҚТЖ» ҰК» АҚ (Орталық аймақ)

Үстел теннисі

Ерлер

І орын – «Волковгеология» АҚ (АҚ «ҰАК «Қазатомпром»)

ІІ орын – «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

ІІІ орын – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС

Әйелдер

І орын – «Волковгеология» АҚ (АҚ «ҰАК «Қазатомпром»)

ІІ орын – «Атырау Халықаралық Әуежайы» АҚ

ІІІ орын – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС

Шахмат

Ерлер

І орын – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС

ІІ орын – «Богатырь Көмір» ЖШС

ІІІ орын –«ЖТИ» ЖШС (АҚ «ҰАК «Қазатомпром»)

Әйелдер

І орын – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС

ІІ орын – «Қазатомпром – МАЭК» ЖШС

ІІІ орын – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Армрестлинг

Ерлер ( 80 кг дейін)

І орын – «Қазгермұнайгаз» БК ЖШС

ІІ орын – Павлодар магистральдық желі бөлімшесі («ҚТЖ» ҰК» АҚ)

ІІІ орын – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Ерлер ( 80 кг жоғары)

І орын – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС

ІІ орын – Астана теміржол вокзал кешені («ҚТЖ» ҰК» АҚ)

ІІІ орын – «Өзенмұнайгаз» АҚ (Жаңаөзен)

Әйелдер ( 65 кг дейін)

І орын – «KEGOС» АҚ (Солтүстік-Шығыс аймақ)

ІІ орын –«УМЗ» АҚ (АҚ «ҰАК «Қазатомпром»)

ІІІ орын – «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

Әйелдер (65 кг жоғары)

І орын – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

ІІ орын – «Богатырь Көмір» ЖШС

ІІІ орын – «ҚТЖ» ҰК» АҚ - ҒТАО

Добавить комментарий