Елорда ипподромында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған иппотерапия жаттығулары өтті
09/09/2017
8 қыркүйек «Қазанат» ипподромында Астана қаласының арнайы түзелту мектеп-интернатының оқушыларына арналған иппотерапия жаттығулары өтті. Қосымша мәлімет бойынша: +7 (702) 777 97 44 Жібек Уранхаева, zhibeka.ur@gmail.com
Мектеп-интернаттан ұстаздарымен және ата-аналарымен бірге мүмкіндігі шектеулі сегіз оқушы келді. Жаттығуды Қазақстан Республикасының ұлттық ойын түрлері бойынша үлттық құрама мүшелері мен юниорлары, жаттықтырушылар мен орталықтың спортышылары өткізді.
Иппотерапия – бала релаксациясының ең тиімді әдісі. Мамандардың айтуынша, ат үстінде серуендеу баланың бұлшық еттерін сергітіп қана қоймай, аттың дене температурасы мен қимылы баланың бұлшық еттеріне массаж болады. Бұл баланың жалпы ағзасының сауығуына әсер ететін
тиімді тәсіл.
Ер-тоқымсыз аттың үстінде өткен жаттығулар екі сағатқа созылды. Баланың қауіпсіздігі үшін жылқышының жанында жаттықтырушылармен арнайы мамандар болды.
Аталмыш шара «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен өтті. Ұйымдастырушы – «Ұлттық және ат спорты түрлерінің орталығы» РМҚК.
Добавить комментарий