ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Ақтобе облысында «Биіктерге бірге!» атты үздік спорттық жоба байқауы басталады

04/09/2017

Байқаудың жеңімпаздары — облыстық 50 мектептері, австриялық AVK GmbH өндірушіден спорттық жабдықтарды қабылдайды.

Әр мектеп байқауға қатысу үшін шығармашылық бейнеролик түрінде өтінімді жіберу керек. Бейнероликте бұл мектептің спорттық жабдықтарын неге керек екенің негізделенеді. Өтінімдердің қабылдауы 20-шы қыркүйектен бастап, 20-шы қазаңға дейін жалғасады.

«Биіктерге бірге!» байқауының мақсаты – жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ мектептердегі спорт жабдықтарын жаңа стандарттар мен технологияларға сай сапалы жаңарту. 

Байқау «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобы бар өңірлердегі «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бағдарлама операторы және негізгі ұйымдастырушы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры  болып саналады.

«Биіктерге бірге!» байқауы өңірдің биылғы жылғы спорттық өмірін жаңа белестерге бастады және басты бағыттарының бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылатын «Менің елім» бағдарламасының идеялар қоржынын толықтыратын жетекшіге айналды.     

«Биіктерге бірге!» байқауы бұдан бері Павлодар және Маңғыстау облыстарында өткізілді. Павлодар облыстың 70 мектебі және Маңғыстау облыстың 50 мектебі қазірдің өзінде австриялық спорттық жабдықтарды қабылдады.

Анықтамалық ақпарат:

«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында басталған. Оның мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірледегі өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтін жобаларды іске асыру. «Менің елім» бағдарламасын, оның үйлестірушісі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырып отыр.

2010 – 2015 жылдарының ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің арқасында 400 000 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қордың бенефициарлары -  халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары, Ұлы Отан соғысының Адрагерлері,  мүмкіндіктері шектеулі адамдар, күрделі диагноздары бар балалар, белсенді жастар, спорттық қауымдастық, балалал үйлерінің тәрбиеленушілері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым.

Добавить комментарий