Сіздің отбасыңызда «аутизм» деген диагноз пайда болса не істеу керек?

24/08/2017

Өз балаңызға қалай көмек бере аласыз, оған қоғамда өмір сүруді қалай үйрету керек? Көмек бар! «ДОМ» Қоғамдық Қоры ерекше балалардың ата-аналары үшін оқыту өткізіп, аутизмі бар балаларға сыртқы әлеммен қарым-қатынасты түзетуге көмектеседі.

Халықаралық есепке сәйкес, аутизм диагнозына шалдыққан балалардың саны әр жыл сайын өсуде, және де Қазақстан, өкінішке орай, сол тізімге кіреді. Егер, 2009 жылы дәрігерлер 110 баланың біреуінде аутизм диагнозы бар – деп бекітсе, 2016 жылдың нәтижесі бойынша 50 баланың бәреуінде осы диагноз байқалды.  

Демек, сол диагнозбен өмір сүруге үйреніп, онымен жұмыс істеуді үйрену қажет.

«Аутизм победим» Жобасын 2013 жылы «Қайырымдылық» ерікті Қоғамы бастаған (Добровольное общество «Милосердие» - «ДОМ»).  Бүгінгі таңда Қор осы Жоба бойынша Астана қаласындағы «Республикалық диагностикалық орталығы» АҚ және Алматы қаласындағы Қазақстандық онкология мен радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жұмыс атқарады. Олар бірлесіп аутизм мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер өткізеді.

Қор аутизм мәселесімен кездескен отбасыларға мақсатты көмек көрсетеді.  Қазіргі таңда Алматы, Қарағанды және Павлодар қалалалырында үш орталық ашылды.  Сол орталықтардың негізінде 1500 – ден астам отбасыларға көмек көрсетілді.  Қор аутизмі бар балалардың ата-аналары үшін шығу консультациялар мен мастер-кластар өткізеді.  Осы күнге дейін Қазақстанның 22 қаласынан ата-аналар үшін 10 000 оқу сабақтары өткізілді.

Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларындағы орталықтарда  тұрақты 

түрде оқи алмайтын отбасылар үшін «Қазақстан өңірлерінің Skype-консультациялары» жобасы іске қосылды.

Бүгінгі таңда, осы жобадан Қазақстанның 15 өңірінен 1100 - ден астам отбасылар көмек сұрады. (Өскемен, Астана, Шымкент, Павлодар, Ақтобе, Орал, Қызылорда, Қостанай, Рудный, Екібастұз, Семей, Петропавловск, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары) және басқа мемлекеттерден де: Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург, Хабаровск, Краснодар, Калининград және т.б.), АҚШ (Вашингтон, Калифорния), Беларусь (Минск), Қырғызстан (Бишкек).

Былтырдан бастап «Жасөспірім инклюзивтік тобы» инклюзивтік жобасы белсенді түрде дамып келе жатыр, оның ішіне «Инклюзивтік спорт» және «Сенің шығуын» атты шығармашылық жобасы кірді. Сонымен қатар, балалар «Қазақстанның 12 қаласы» атты Жобасында белсенді қатысып жатыр. 2017 жылының Маусым айына дейін жасөспірімдік инклюзивтік топта 93 адам қатысты, оның ішіндегі 47 дамуында ерекшеліктері бар балалар.

Егер сізге Жоба бойынша ақпарат немесе мамандардың көмегі керек болса сізді осы жерге хабарласуыңызды сұраймыз: Аутизмы бар балалардың ата-анадарының Қауымдастығы, www.autismpobedim.kz.

Ақпарат үшін: Салтанат Мурзалинова-Яковлева, 8 707 845 70 17.

Comments are closed.